1949

Әкімдік кәсіпкерлерге арналған толықформаттағы Қызмет көрсету орталығын құрмақ

Орталық қызметінің негізгі мақсаты бизнеске қызмет көрсету, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, орталықтың ашылуы әкімшілік кедергілерді төмендетіп, кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді жүйесін дамытуға, жемқорлық фактілерінің алдын алуға, бизнес алдында ашық мемлекет құруға септігін тигізеді. 

«Кәсіпкерлер сәйкес құжаттар пакетін ұсыну арқылы барлық қызметті бір жерден алуға мүмкіндігі болады», – дейді ресми хабарламада. 

Басқарма айтқандай бүгінде астанада шағын және орта бизнеске арқа сүйейтін қала экономикасының жеткілікті құрылымы қалыптасқан. Қаланың негізгі инвесторлары шағын кәсіпорындар: төрттен үш бөлік инвестицияның барлығы – шағын кәсіпкерліктің үлесі.   

Астанада ай сайын 1400 ШОБ субъектілері құрылады. Қазір қолданыстағы ШОБ субъектілерінің саны 106,5 мың бірлікті құрайды. 

«Жол картасы бизнесі – 2020» шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша биыл астанада 23,3 млрд теңге көлемінде 66 жобаны іске асыру үшін несие берілді. 

Жергілікті 5 бағдарлама шеңберінде («Астана Бизнес», «Astana ZhasStart», «Astana Startup» және 2 жаңа бағдарлама «Аstana Retail», «Astana Service») жыл басынан 793,7 млн теңге көлемінде 13 жобаға қолдау көрсетті. 

Сонымен бірге, «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес ШОБ субъектілері статистикалық мәліметтер мен статистикалық әдістемелер кестесіне сәйкес алғашқы расталған мәліметтерін ұсынуы міндеттелді. Өткізуге жататын статистикалық есептің тізімі   www.stat.gov.kz статистика жөніндегі комитеттің сайтындағы «Респондент кабинетінде» жарияланды. Ал «Респонденттер үшін» бөлімінде БИН енгізу қолжетімді. Сонымен қатар «Респондент кабинетінде» статистикалық есепті онлайн түрінде де беруге болады. 

Есеп тапсырмағандар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Байланыс номерлері: 32-67-52, 31-62-51, 32-67-75, 53-38-68, 41-27-39.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109