7760

Аяз атаның резиденциясы, «Ғарыштық әбігер» және жалынды зумба

Елорда әкімдігі ресми сайтының тілшісі Астанадағы жаңажылдық ертеңгілік қойылымдардың қайда өтетінін анықтады

Аяз Атаның резиденциясы:

19-30 желтоқсан аралығында сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін. «Аяз атаның қонақ бөлмесі» және «Жаңажылдық шырша маңындағы интерактив» шарасы – 22,23,29,30 желтоқсанда демалыс күндері 12:00-ден 18:00-ге дейін.

Елорда тұрғындары мен қонақтары амфитеатр алаңында 19 желтоқсанда ашылатын Аяз Ата резиденциясына хат жолдау, оны қарсы алу, жасыл шырша жанында көңіл көтеру сынды шараларға қатыса алады.

Кіру: «Аяз Ата поштасы» – 1000 теңге;

«Аяз атаның қонақ бөлмесі» - бір адамға 1500 теңге; 4-7 адамнан тұратын жанұя үшін 5000 теңге;

«Жаңа жылдық шырша маңындағы интерактив» – 2000 теңге;

Орналасқан жері: Атырау көпірінің жанындағы амфитеатр.

Анықтама телефоны: +7 (717) 232 67 81.


«Ғарыштық әбігер» жаңажылдық қойылымы

10-30 желтоқсанда сағат 11:00-де, 13:30-да.

Жаңа форматтағы шоуды Rixos қонақ үйіндегі жаңажылдық таңертеңгілік ұсынады.
Жер планетасына қауіп төніп тұр.  Жауыз әрі қу Дарт Вейдер өз көмекшілерімен Аяз атаның асатаяғын қолды қылып, белгісіз ғаламшарға ұшып кетіпті. Енді Жаңа жыл келмеуі мүмкін.

Қаһармандар Аяз атаның асатаяғын табу мақсатында түрлі ғаламшарларға қызықты әрі шытырман саяхат жасайды.

«Ғарыштық әбігер» – интерактивті ертегi! Супер қаһармандардың өздері де көмекке мұқтаж, сондықтан ертегі соңы балалардың белсенділігіне байланысты.

Кіру: 10 000 теңге (бір ересек + бір бала). Билет құнына жаңажылдық қойылым мен әр балаға арналған тәтті сыйлық кіреді.

Орналасқан жері: Rixos President Астана қаласы, Қонаев көшесі, 7.

Анықтама телефоны: +7 702 553 33 71.

Vienna New Year’s Ball:

18 желтоқсанда 18:00-ден 23:00-ге дейін.       

Астанада Жаңа жыл қарсаңында алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған Вена балы өтеді. Кештің қонақтарын қызықты шоу-бағдарлама, банкет үстелдері, жұлдыздардың өнер көрсетуі, Аяз ата мен ақшақар, сыйлықтар мен әзілдер, мерекелік отшашу күтуде.

Кіру: ересектерге – 22 000 теңге, балаларға – 15 000 теңге, балалар мен ересектерге – 35 000 теңге.

Орналасқан жері: Wyndham Garden Астана, Рысқұлов, 6/1.

Анықтама телефоны: +7 747 493 53 33.

«Рождество тарихы» қуыршақтар театры:

26-27 желтоқсанда сағат 19:00-де

Қуыршақтар театры балалар мен олардың ата-аналарын сиқырлы қойылымға қатысуға шақырады. Кеш қонақтары Чарльз Диккенстің «Рождество тарихы» туындысына негізделген «Рождестволық жыр» қойылымын тамашалайды.

Сондай-ақ, жас қонақтарды Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен өтетін жаңажылдық би кеші күтеді.

Кіру: 1500 теңгеден бастап. Өтетін орны: Астана қаласы қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3.

Анықтама телефоны: +7 (7172) 22 26 46.


Балалардға арналған жаңажылдық таңертегіліктегі зумбадан шеберлік сағаты:

23 желтоқсанда сағат 13:00-де.

Ерекше жаңажылдық таңертеңгілікте балалар тек таңғажайып және фантастикалық кейіпкерлермен ғана емес, ең үздік хореографтармен зумба билей алады. Сондай-ақ, қонақтар үшін швед үстелі, кәсіби жаңажылдық фотосессия, трансформерлердің қойылымы, тірі қуыршақтар, сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен, ертегілерімен кездесу, Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Әр балаға эксклюзивті сыйлық дайындалады.

Кіру: 1000 теңгеден бастап.

Орны: "Tarantino", "Москва" БО, Достық, 18

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109