4355

Астанада болашақ аналар арасында сұлулық байқауы өтті

31 жастағы Раушан Тілекуенова «Miss Аяулы Ана - 2018» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Болашақ аналар арасындағы сұлулық байқауы елордада алғаш рет өткізіліп отыр. Финалда 19 бен 35 жас аралығындағы тоғыз әйел бақ сынады.

Болашақ аналар байқау барысында шығармашылық қабілеттерін паш етіп, түрлі елдердегі жүктілік пен босану үрдісі туралы әңгімелеп, би билеп, ән айтып, кешкі көйлектердің үлгісін көрсетті.  

Ұйымдастырушылар болашақ әкелер туралы да ұмытқан жоқ. Олардың баланы жаялыққа орау жылдамдығы сыналды.

«Біз жүктіліктің 28 аптасына дейінгі әйелдерді іріктеп алдық. Бірінші кезеңде болашақ аналар осы байқауға не үшін қатысқысы келетіні туралы мотивациялық хат жазды.Екінші айналымда олар өз туысқандарымен бейнеролик түсірді», – дейді акушер-гинеколог Айжан Ауанасова.

Қатысушылар соңғы жарысқа бір жарым ай бойы дайындалды. Болашақ аналар йогамен айналысып, вокалдық әрі хореографиялық шеберліктерін шыңдады. 
Байқау қорытындыларына сәйкес Раушан Тілекуенова байқаудың жеңімпазы атанды. Вице-мисс атағын Жұлдыз Шолақова мен Ғалия Сағым өзара бөлісті. Ал «Көрермен көзайымы» атағына Раушан Сатмағанбетова лайық деп танылды.
Айта кетейік, іс-шараны «Аяулы Ана» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109