4599

Астанада Аяз атаның поштасы өз жұмысын бастады

Есіл өзені жағасында «Атырау» көпірінің маңында Аяз атаның ертегідегідей резиденциясы ашылды. Оның ашылуына балалар үйінің 6-11 жас аралығындағы тәрбиеленушілері келді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Резиденция алдында оларды қарсы алған аниматорлар квест ойынын ойнайтып, пошта бөлімшесіне әкелді. Ол жерде олар өздерінің хаттарын жәшікке салды, барлығы отырып ортақ хат жазды. Ортақ хатта Жаңа жылдың жақсылық, қуаныш, бақыт әкелуін тіледі.

Бұл үлкен хатты эльф алып иттер жегілген шанамен Аяз атаға алып кетті.

«Жастар» сарайы директорының орынбасары Юлия Амирова айтып өткендей, балалардың қалауы жазылған сыйлықтар тізімі әкімдікке табыс етілген.

«Осы жерде бірінші - алтыншы сыныптарда оқитын оқушылар келді, бірақ балалар үйінің барлық тәрбиеленушілері Аяз атаға хат жазды.

Өткен жылы да осылай жасадық, әркім өзі қалаған сыйлығын алды. Біреуі коньки, қуыршақ үйшігін сұрайды, ересек балалардың тілегі күрделі. Мысалы, велосипед сұрайды. Негізінен, қыста балалар коньки, шана, шаңғы алғысы келеді. Бізде Ақкөл кентінің ар жағында өзіміздің мұз айдынымыз бар, оны ересек балалар құяды», - деді балалар үйінің аға тәрбиешісі Татьяна Фенина.

Балаларды Жаңа жылмен және алдағы демалыспен Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина, «Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовников құттықтады.

Хаттарын табыстаған соң балалар ас ішіп, алып алаңда сырғанақ тепті, суретке түсті.

Аяз Атаның ертегідегідей резиденциясы 30 желтоқсанға дейін жұмыс істейді, кіру тегін. Ал «Аяз Атаның поштасы», «Қысқы дала ойын-сауықтары», «Аяз Атаның қонақ бөлмесіне» билетпен кіруге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109