4008

Астанада заңсыз орнатылған 17 ұялы байланыс антенналары алынды

Департаментте белгілі болғандай, 2018 жылы ұялы байланыстың таратушы құрылғыларынан бөлінген электромагниттік сәулелерге 1557 өлшем жүргізілген. Олардың барлығында да нормадан ауытқушылық анықталмаған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Дегенмен электромагниттік сәуле таратудың рұқсат етілген деңгейі асырылған және рұқсат құжаттарының жоқтығы расталған жағдайда әкімшілік айыппұл салу және азаматтардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жабдықты алып тастау бойынша шаралар қабылданады», – деп мәлімдеді қалалық қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау департаментінде.

«Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау департаменті Kcell, ALTEL, Beeline және басқа да ұялы байланыс операторларының құрылғыларынан электромагниттік сәулелердің бөлінуіне үнемі мониторинг жүргізіп келеді. 2018 жылы елорда тұрғындарының ұялы байланыс антенналары туралы өтініштерін тексеру нәтижесінде 17 ұялы байланыс антеннасы алынып тасталды», – деп департамент басшысы Сәдуақас Байғабылов көпқабатты үйлердің шатырларына ұялы байланыс антенналарының орнатылуына қатысты елорда тұрғындарының шағымдарына пікір білдірді.

Ұялы байланыс антенналарының санитарлық аумақ сақталмай орнатылған жағдайда, адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Мұның соңы бас ауруы, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларына және гормоналды өзгерістерге де әкеп соғуы ықтимал. Балабақша, мектеп және интернат ғимараттарына антенналарды орналастыруға тыйым салынады. Ал тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың шатырларына 100 Вт-тан астам қуаты бар таратушы антенналарды орналастыруға тыйым салынған», – деді Сәдуақас Байғабылов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109