2427

"Қазақстанның үздік тауары" конкурс-көрмесінің аймақтық жеңімпаздары марапатталды

Бүгінде Қазақстанда 12 аймақтық конкурс-көрме өтіп, 108 жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

27 шілде күні Астанада аймақтық жеңімпаздарды марапаттау болып өтті. Оған 72 астаналық компания қатысты. «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар» аталымын – 22 компания, «Халыққа арналған үздік тауар» - 36 компания, «Үздік азық-түлік тауары» - 14 компания жеңіп алды.

Марапаттау рәсіміне басқарма мүшелері, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, Астана кәсіпкерлер палатасының аймақтық директоры Ален Түлкібаев және Астана іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Бағила Бисембаева, Астана әкімдігінің инвестиция және кәсіпкерлерді қолдау басқармасы басшысының орынбасары Рысгүл Қауғабаева қатысты. 

Жеңімпаздар диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурсына қатысуға мүмкіндік алды.

Материалдар мен өнімдерге баға беру үшін сараптау комиссиясының құрамына Астана кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті», Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы, санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының өкілдері, эксперт-аудиторлар және басқалары кірді.

 «Атамекен» ҚР ҰКП республикалық конкурсын ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Абдикаримова аталмыш конкурс-көрменің отандық тауар өндірушілердің дамуы мен стимул беруге әрі бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталғанын айта кетті.

Конкурстың іріктеу қорытындысы бойынша комиссия 9 жеңімпазды анықтады.

 «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша:

1. «Эколос Казахстан» МК

2. «Selena Insulation» ЖШС

3. «KazFriaPlast» ЖШС

 ««Халыққа арналған үздік тауар» номинациясы:

1. «KAZARMS» ЖШС

2.  «Ipek Kagit Central Asia» ЖШС

3. «BarkT echnology» ЖШС

«Үздік азық-түлік тауары» номинациясы бойынша:

1.  «Мамулины вкусняшки» ЖК

2. «Столичный хлеб» ЖШС

3. «The CHEF delecatessen»

Айта кетейік, жобаға қатысушылар көпжылдық стажы бар тек тауар өндірушілер ғана емес, кейбірі өз бизнесін жақында бастаған. Олардың өніміне қазірдің өзінде халықтан сұраныс көп. 

Аймақтық конкурс «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурсының бірінші кезеңі және әкімдікпен бірге өткізілуде. Ары қарай жеңімпаздар «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінде және Астанада 2018 жылы 12-13 қазанда өтетін «Қазақстанда жасалған» конкурсында өз аймағынан ұсынатын болады.

Бұл премияны 2006 жылы ҚР Президенті отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған, тауар өндірушілердің қызметін белсенді ете түсуге, нарықта жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнім саласын сүйемелдеу, халық арасында сапа идеясын танымал ету мақсатында бәйге жариялаған. Жыл сайын осы бәйгені алуға елімізден 200-ге жуық кәсіпорындар үміткер болып жатады. Премияны Мемлекет басшысының өзі табыс етеді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109