2769

Ешқашан кеш емес: түбегейлі қызмет саласын қалай өзгертуге болады

Қайта біліктіліктен өту негізгі істеп жүрген қызмет түрін ауыстыруға мүмкіндік береді. Бүгінде оны Халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырып отыр. Мемлекеттік мекеме барлық жұмыссыздар үшін тегін курстар өткізуде. Сонымен, негізгі істеп жүрген қызмет түрін ауыстыру қиын ба, жұмыс орнын ауыстыру, біраз жасқа келіп қалсаң да жаңа машықты меңгеру оңайға соқты ма, бұл туралы астана әкімдігінің ресми сайтының тілшілеріне курсанттар айтып берді. 

Бейбітшілік көшесіндегі шаштараз мектебінде қазіргі таңда 25 адам оқудан өтуде. Дәріс таңғы сағат 9-да басталып, кешкі 6-да бітеді. Оқушылар тек теория ғана емес, тәжірибе жүзінде де өтеді. 

«Мен көп жыл сатушы болып жұмыс істедім, жұмыссыз қалдым. Енді шаштараз болуды шештім. Жұмыспен қамту орталығы осы курсты оқып алуға кеңес берді. Сабақ барысы өте ұнады, тек теория ғана емес, практика жүзінде де үйреніп жатырмыз. Алдағы уақытта осы жаңа мамандығым бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмын», - деді Айсұлу Жүзбаева. 

Оқушылар ай сайын 16 759 теңге көлемінде стипендия алады. 

Көп жылдар бойы шаштараз мектебінің қызметкерлері түрлі тағдыр иелерін көрген. Көпбалалы аналар, жетімдер, мылқаулар, тіпті зейнеткерлер де келген.

«Осы жылдар аралығында біз көптеген адамдарды оқыттық. Алдыңғы топта бізде үш мылқау қызды оқып кетті. Білесіз бе, осындай адамдардың өміріне ықпал ету біз үшін үлкен қажырлы еңбек. Олар бұрын үйлерінде отырған, ештеңемен айналыспаған да. Ал қазір шаштараз болып жұмыс істеуде. Көз алдыңда адам тағдыры өзгерді. Осында келген баласы бар бір әйелдің көк тиынсыз қалғаны әлі есімде. Қазір ол өз ісін ашқан», ­- деді оқу мекемесінің директоры Рысты Жақсыбаева. 

Бүгінде қысқа мерзімде кәсіби оқытудан келесідегі мамандықтар бойынша өтуге болады: электромонтер, дәнекерлеуші, кран машинисі, тігінші, бақылаушы-кассир, аспаз, наубайшы, шаштараз шебері, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі. 

Оқу барысы үш айға созылады, соңында әрбіріне оқудан өткені туралы сертификат беріледі. 

«Жыл басынан бері оқу дәрісінен 382 адам өтті. 31 тамызға дейін халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімдегі кәсіби оқытудан тағы да 354 жұмыссыз азаматқа жолдама беруді жоспарлап отыр», - деді Астана халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар. 

Жалпы алғанда орталық басшысының айтуынша тегін қысқа мерзімдегі кәсіби оқытуға 700 адамды қамту көзделген.

Мәтін: Мадина Нұрбекова

Фото: Бекзат Ғали

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109