3196

Мемлекеттік органдардың өкілдері жастарға кеңес берді

Елордалық жастар Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, халықты жұмыспен қамту орталығының және басқа да ұйымдардың өкілдерінен кәсіби кеңес алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара «NEET жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Кездесуді елорда әкімдігінің «Астана жастары» ресурстық орталығы ұйымдастырды.

«Біз барлық сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарында қыркүйектен бастап осындай шараларды өткізіп келеміз. Біз барлық бағдарлама бойынша өзі-өзіне жұмыс жасайтын жастарға кеңес беру үшін бар күшімізді саламыз. Кейбір жастар уақытша тіркеуге тұру туралы білмейді. Осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізетін ХҚКО-ның өкілдері бар», – деді «Астана жастары» ресурстық орталығының басшысы Үкібай Нұрпейісов.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастарға қолдау көрсету, оларға жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109