4439

Астанада панасыз жануарларды қалай құтқарады

Саяжайлар мен ескі үйлер сүрілгеннен кейін иттер мен мысықтар көбіне көшеде қалады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Елордадағы қаңғыбас жануарлардың жағдайы туралы сайт тілшісіне «Астана ветқызмет» МКК директорының орынбасары Медет Қылышбаев айтып берді.

«Қаңғыбас иттердің мәселесі иелерінің жауапсыздығынан туындап отыр», – дейді Медет Кылышбаев. Қала сыртындағы саяжайлар мен ескі үйлерді сүрудің нәтижесінде мысықтар мен иттер иесіз қалып, көше кезіп жүрген қаңғыбас жануарлардың қатарын арттырады.

Қалада қаңғыбас жануарлардың нақты саны белгісіз. Жыл басынан «Астана ветқызмет»  жұмыскерлері 4801 ит пен 729 мысықты ұстады. Орташа алғанда, күн сайын 20-25 жануар ұсталады.

«Қаңғыбас иттердің екі санатқа бқлінеді. Бұл: бұрынғы үй жануарлары мен адамдардың қамқорлығын білмейтін, көшеде туған қаңғыбас иттер. Олар адамдардан қауіпсіз, алыс жерді тауып, тұқым таратады әрі үйір-үйірмен жүреді. Үйірдің ортасы үш шақырымдық радиусты құрайды. Иттер бұл аумақтың шегінен шықпайды. Оларда өздерінің азық-түлікпен қамтамасыз етілетін әрі жасырынатын жерлері бар. Олар тек түнде немесе таңертең ерте шығады. Адамдармен қарым-қатынасы өте аз», –  дейді «Астана ветқызмет» өкілі.

Әдетте қаңғыбас иттер адамдардан қорқады және «жайдан жай» шабуылдамайды. Дегенмен, күн сайын ит қапқан адамдардың саны артып келеді. Иттер өз аумақтарына жақындаған бөтен адамдарды бірден сезеді. Сол себепті үріп, қуып жіберуге тырысады. Ал егер адам қорқытып, агрессиямен жауап қатса, тістеп алу қаупі бар.

Көптеген үйсіз жануарлар жеке секторларда жүредіТек қаңғыбас иттер ғана емес, иелерінің бақылауынсыз жүрген иттер де адамдарға қауіп төндіретінін айта кеткен жөн.

Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» және «Көктал-2», Агроқалашық тұрғын үй алаптары, Герцен, Дулатов, Московская көшелері, Республика даңғылының аумақтарында, Байқоңыр ауданында Өндіріс, Чугунка алаптарының аумақтарында, Алматы ауданында Юго-Восток, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный, Промышленный, Железнодорожный алаптарының аумақтарында қаңғыбас иттер жиі байқалады.

Қалалық ветеринариялық қызметтің өкілі қаңғыбас жануарлар мәселесін оларды ұстап алу арқылы шешілмейтінін атап өтті. Ол үшін тұтас бір шаралар кешені қажет.

 «Біз қаңғыбас жануарларды түгел ұстай алмаймыз. Бұның физикалық тұрғыда мүмкін еместігін шет елдердің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Бүгінгі таңда «Астана ветқызмет» қаңғыбас жануарлардың санын бақылай отырып, олардың таралу орталықтарын тоқтатады. Біз жануарларды ұстаймыз, изоляторға әкелеміз, зарарсыздандырамыз, чип тектейміз. Мүмкіндік болса, жайғастырамыз.  Егер жоқ болса, жекеменшік қамқорлыққа береміз. Егер қамқорлыққа алудан бас тартса, онда біз жануарларды ұйықтатуға тырысамыз», - деп түсіндірді ол.

Өткен жылы қабылданған ережелерге сәйкес, ұсталған жануарлар 60 күн бойы изоляторда сақталады. Осы уақыт ішінде оларға үй іздестіріледі.

«Осы бағытта еріктілермен жұмыс істейміз. Бізге «NOSA» жеке қоры, «СтопОтлов». еріктілер қозғалысы үлкен көмек көрсетеді. Еріктілер жануарларды суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде олар туралы ақпарат таратады. Сондай-ақ, барлық танымал сайттарда, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде парақшаларымыз бар. Онда ұсталған иттердің фотосуреттері мен пайдалы ақпараттар саламыз», – деп түсіндірді «Астана ветқызмет» өкілі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109