1623

Үздік дәрігерлер мен медбикелер Финляндияға оқуға жіберіледі

Осы жылдың мамыр айында Финляндияда отбасылық медицина және медбикелік іс бағдарламасы бойынша оқуға жіберіледі.

Осы жылдың мамыр айында Финляндияға үздік дәрігерлер мен медбикелер отбасылық медицина және медбике ісі бағдарламасы бойынша оқуға жіберіледі. Мұндай шешім «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибе орталығына фин делегациясының келуі аясында қабылданды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

17 сәуірде Финляндия Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында кәсіби тәжірибе алмасу, мәдени ынтымақтастықты одан әрі байытып, біріккен жобаларды талқылау үшін фин делегациясы «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ, «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы мен «Тұран-профи» халықаралық кәсіби академиясында болды.

«Серіктестіктің бұдан әрі қадамдары «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығының үздік дәрігерлері мен медбикелерін, сондай-ақ, Астана қаласы медицина бикелері Үйлестіру кеңесінің өкілдерін биылғы жылдың мамыр айында  Финляндияға отбасылық медицина және медбикелер ісі бағдарламасы бойынша оқуға жіберу болды.»,- деп хабарлайды ведомстводан.

Қалалық басқармадан мәлім етілгеніндей, 90-шы жылдары Финляндияда енгізілген оқу бағдарламасы денсаулық саласын табысты реформалау кепілі болып табылады.  Финляндиядағы оқу жоспарларын әзірлеу Еуропаның  (EQF) біліктілігі ауқымында жүргізілуде. Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың финдік жүйесі аурудың алдын алудың да жақсы дамыған мүмкіндіктері ретінде қабылдануда.  

Финляндияда медицина бикелерін дайындау мен олардың кәсіби міндеттерін атқаруы емдік іс-шаралар мен халықтың денсаулығын нығайтудағы алдын алу және ағарту жұмыстары ретінде бағдарламаға енгізілген. 

Денсаулық сақтау басқармасы Фин делегациясының сапары денсаулық саласындағы екі елдің арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалады деп санайды.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109