5888

Қай тұрғын үйлердегі лифтердің ауыстырылатыны белгілі болды

2019 жылы 10 қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп, 20 лифт ауыстырылады деп жоспарлануда. Бұл туралы елорда әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Қазіргі уақытта қаланың көпқабатты тұрғын үйлерінде 4 910 лифт жұмыс істейді. «Ескi» қалада орнатылған лифтердің бiр бөлiгi 25 жыл бұрын орнатылған. Бұл рұқсат етiлген қызмет мерзiмiнен асып түседi. «Көтеру механизмдерінің жұмысында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесіне» сәйкес өндіруші белгілеген қызмет мерзімі аяқталған лифті пайдалануға жол берілмейді. 90-шы жылдары салынған көптеген үйлерде Самарканд лифт зауытының жеделсатылары орнатылған. Бұл компания 1993 жылдан бері жұмысын тоқтатқан боалтын. Сәйкесінше, лифтерге арналған қосалқы бөлшектер өндірілмейді», – деп атап өтті «Өркен Қала» ЖШС тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бөлімінің басшысы Болат Түгелбаев.

Лифтердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың қарашасында Астана мәслихатының ТҮЖ-да 12 лифт жабдығына 146,595 млн теңге бөлінді. Лифт жабдықтары келесі мекен-жайлар бойынша орнатылады: С.Сейфуллин көшесі, 35, Мұстафин көшесі, 15/2, Петров к-сі, 26/1, Ташенов көшесі 7/1, Қ.Мұңайтпасов көшесі, 20, Бараев көшесі, 10.

«Қазіргі уақытта «Астаналифтсервис НС» ЖШС және «Импортлифт КЗ» ЖШС мердігерлері барлық нысандарға лифт жабдықтарын орнатқан. Лифтер заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Олардың қосымша опциялары бар. Ол – жаңартылған шкафтар, сұйық кристалды панельдер, дауыстық дабыл жүйелері, тежеу жүйесі», – деді Б.Түгелбаев.

«Өркен-Қала» ЖШС-нің «Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы» шеңберінде қайтарылған қаражаттың есебінен биыл 5 лифт жабдығы мына мекен-жайлар бойынша орналасқан ғимараттарда ауыстырылды: Бөгенбай батыр даңғылы, 28, Петров көшесі, 20, Күмiсбеков, көшесi 6. Ал Жангелдин көшесі,3 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратта 3 құрылғыны ауыстыру жұмыстары жүргiзiлуде.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Өркен-Қала» ЖШС бүгінгі таңда КҚТҮ-де орнату үшін тоғыз лифт жабдығын мына мекен-жайлар бойынша орнату қызметтерін көрсетуде: Аспара көшесі, 2б және Кубрин көшесі, 20/1. Нысандарды тапсыру мерзімі – 2019 жылдың қаңтар-ақпаны.
2019 жылы он көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп, 20 лифт жабдықтары ауыстырылады деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта «Аймақтарды дамыту бағдарламасы» 2019 жылға қосу үшін КҚТҮ-дің тізімдері құрастырылып жатыр. Пәтер иелерінің және қызмет көрсетуші ұйымдардың бастамашыл топтарының үйіңізді күрделі жөндеуді, шатырды, инженерлік желілерді, қасбетті, лифт жабдықтарын ауыстыруды қажет ететін тұрғын үй тізіміне енгізгенін қаласаңыз, «Өркен қала» ЖШС-ға хабарласа аласыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109