1659

Денсаулық сақтау басқармасы мен «Болашақ» Орталығы меморандумға қол қойды

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен бірге жұмысқа орналастыру және халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлерін еңбек тәжірибесінен өткізу саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен бірге жұмысқа орналастыру және халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлерін еңбек тәжірибесінен өткізу саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды  astana.kz сайтының тілшісі.

«Бұл іс-шараның біз үшін маңызы мен мәні зор. Өйткені, бұл Басқармадағы кадр мұқтаждығына байланысты білікті мамандарды тартудың бір жолы болып табылады»,- деді меморандумға қол қоюы кезінде қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Айгүл Сегізбаева.

Сонымен қатар ол кейінгі 7 жылда Астана қаласында 11 денсаулық нысаны мен 5 емхана, 5 күндізгі аурухана мен қан орталығы пайдалануға берілгендігін тілге тиек етті. Әрі осы нысандардың барлығына да білікті маман кадрлар өте керек. 

Осыған байланысты Басқарма бұл мәселені шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастыруда. Тек 2012 жылдың өзінде ғана 2 328 маман жұмысқа алынып, олардың 49-ы алыс, жақын шетелдерге жіберіліп, оқытылған жастар болды.  4 105 медицина қызметкеріне 10 шеберлік дәрісі ұйымдастырылды. 

 «Міне, енді ҚР Білім және ғылым министрлігінің  «Халықаралық бағдарламалар орталығымен» ынтымақтаса жұмыс істеудің керемет мүмкіндігі туып отыр. Жоғары санатты «Болашақ» бағдарламасының түлектері елорданың еңбек нарығында, соның ішінде денсаулық сақтау саласында  үлкен сұранысқа ие, қажетті кадрлар. Біздің алдымызда медициналық қызметтің сапасын көтеру, медицина тәжірибесі мен ғылымы саласына инновацияны енгізу міндеті тұр. Осы міндеттерді жүзеге асыруға бізге  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» нақты көмектесе алады»,- деп атап көрсетті қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.  

Өз кезегінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек: «Болашақ» бағдарламасы аясында «Сынақ ісі» санаты бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігерлері мен басқарушы кадрлары үшін  бірқатар жобалар әзірленгенін атап айтты. 

«Егер біз бұрынырақ мектеп бітірушілерге арқа сүйеген болсақ, енді біз өзіміз тәжірибеден өтуші медицина қызметкерлерінің кіші мамандықтар бойынша біліктілігін көтерумен айналысамыз. 2012 жылы арнайы «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» бағдарламасы мен тар мамандықтағы медициана қызметкерлері үшін «KD GlobalTrainingCenter» компаниясымен, Аджу Унивеситеті жанындағы клиникамен, «Сэм Анянг» госпиталі және  «Канвон» ауруханасымен бірге бағдарлама әзірледік, - деді С.Нұрбек.

Енді Орталық  мақсатты әдістеме кадрлар дайындауда нақты денсаулық сақтау мекемесімен, оның қызметкерлері және Халықаралық бағдарламалар орталығы арасында бағдарламалық  үшжақты келісім жасауды қарастыруда. Саясат Нұрбектің айтуынша, меморандумға қол қойылғаннан кейін Орталық тікелей қаланың Денсаулық сақтау басқармасымен қызмет істеуге көшеді. Осы бағытта мақсатты топтар құрылып, денсаулық сақтау мекемесінің басқару сапасын арттырып, шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, жоғары білікті мамандар дайындауды қолға алатын  болады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109