6762

Бақыт Сұлтанов: Біздің мақсат Астананы жаһандық қалаға айналдыру

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мәслихат депутаттарымен кездесіп, осы жылды қорытындылап, келер жылға жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бақыт Сұлтанов атап өткендей, қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері барлық жұмыстарын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына сүйене отырып жүзеге асыруда.

«Осы жылы қалада ауқымды жұмыстар атқарылды. Астана үшін осы жыл бар жағынан жақсы жыл болды. 2018 жылды жоғары экономикалық көрсеткіштермен аяқтап отырғанымыз осыған дәлел. Жалпы өңірлік өнім көлемі болжамдық бағалау бойынша 6 трлн теңгені құрайды. Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласы 544 млрд теңгеден астам сомаға өнім өндірді. Осылайша өткен жылмен салыстырғанда оң ығысу плюс 9,6% белгісінде тіркелген», - деді қала әкімі.

2017 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 12,6% - ға ұлғайды. Осы жылы жүк тасымалдау көлемі жалпы алғанда 9% - ға өсті. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1 трлн теңгеден асып, 2017 жылмен салыстырғанда 6% - ға өсті. Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер 981,9 млрд. теңге көлемінде жиналған. Ол 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,9 % - ға жоғары.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл көрсеткіштер шағын және орта бизнестің есебінен қалыптасқан. Жалпы өңірлік өнім құрылымында оның үлесі 55% - ды құрады.

«Елбасының тапсырмасы бойынша біз өте маңызды іске кірістік. Біз Астананың 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Стратегиялық дамуын түзудеміз. Біздің мақсат – Астананы жаһандық қалаға айналдыру. Ол креативті адамдарды, талантты жастарды, сондай-ақ туристер мен шетелдік инвесторларды тартатын негізгі орталыққа айналады. Ол үшін қала құрылысында заманауи урбанистік шешімдер, жаңа тәсілдер пайдалану қажет. Бір сөзбен айтқанда, бізге қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы орта құру керек. Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз жайлы жағдай жасауымыз керек»,- деді әкім.

Әкім депутаттарға нәтижелі және бірлескен жұмыстары үшін алғыс айтып, оларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

                                                                  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109