5753

«Шапағат» базары тағы да жекешелендірілмей қалды

Келесі тендер қаңтардың басында жарияланады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Шапағат» коммуналдық базары осымен жекенің қолына беруге екі рет ұсынылды. 27 желтоқсандағы электронды сауда тендерге қатысушылардың бірі құжаттарының тендер талаптарына сәйкес еместігіне байланысты өткізілмеген деп танылды.

11 желтоқсанға белгіленген бірінші сауда тендерге небары бір ғана өтініштің түсуіне өткізілді. 

Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте «Astana» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Қазіргі таңда «Astana» ӘКК «Шапағат» КБ» ЖШС жарғылық капиталының 100 пайыз үлесін иемденіп отыр.

Сондай-ақ, Нұрлан Жақыпов «Шапағатқа» деген қызығушылық бизнес қауымдастықтың тарапынан бар екендігін айтып өтті.

«Шапағат» базары – табыс көзі. 2017 жылы (2018 жыл әлі аяқталған жоқ) таза табыс көлемі 80 миллион теңгені құраған. «Шапағат» базарының ӘКК үшін де, қала үшін де әлеуметтік атқарып отырған функциясы өте маңызды.

 «Шапағатта» сатылатын тауарларға салынатын үстеме өндіруші бағасының 10 пайызға жуығын құрайды. Сол себепті «Шапағат» - ең танымал базарлардың бірі. Мұнда сатып алушылардың дені – зейнеткерлер, әлеуметтік осал топтар», - деді «Astana» ӘКК басқарма төрағасы.

Нұрлан Жақыпов ары қарай жекешелендірудің кезеңдері қалай болатынын түсіндіріп өтті:

«Тендер комиссиясы жиналады, тендер құжаттарының шарттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Келесі тендер 2019 жылдың қаңтарында жарияланады. Егер бәрі жоспардағыдай болса, барлық мүдделі қатысушылар құжаттарын дұрыс тапсырса, меніңше қаңтардың соңында тендерден кімнің жеңіп шығатыны белгілі болады деп ойлаймыз. Бірінші тоқсанда біз «Шапағатты» бәсекелі ортаға табыс етудің барлық алғышарттарын аяқтап үлгереміз», - деді ол.

Нұрлан Жақыпов өзгерістер техникалық тетіктерге қатысты болатынын айтты. Алайда әлеуметтік маңызға ие тендер талаптарының 7 негізгі жеті шарты өзгермейді.

«Бұл – өзгермейтін шарт. Жекенің қолына өткен соң, «Шапағат» біздің ойымызша әлеуметтік осал топқа лайықталған коммуналдық базар болып қалуы тиіс. Сол себепті 10 жыл бойы көрсетіп келе жатқан қызметін ауыстыруға болмайды, жалға берілетін сауда орындарын үш жыл ішінде бағасын ауыстыруға, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бағаларына қосылатын үстемені 10пайыздан асыруға рұқсат берілмейді. «Шапағат» сауда жасауға ыңғайлы әрі әлеуметтік маңызы бар тауарларды жақсы бағаға сатып алатын орын болып қалады», - деді Н. Жақыпов.   

Естеріңізге сала кетейік, «Шапағат» коммуналдық базары 2017 жылдың 11 сәуіріндегі Үкіметтің қаулысымен бәсекелі ортаға табыс етілетін ұйымдардың қатарына кірген болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109