1979

Елордалық дәрігерлер үшін неонатологиядан бірегей семинар өткізілді

Елордада «№ 1 перинаталдық орталығы» базасында «Перзентхана залындағы респираторлық терапиядан жоғары технологияға дейін» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді.

Елордада «№ 1 перинаталдық орталығы» базасында «Перзентхана залындағы респираторлық терапиядан жоғары технологияға дейін» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді. РФ Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік-Батыс Федералдық аймағының бас штаттан тыс неонатологы Алексей Мостовой өзінің тәжірибесін қазақстандық дәрігерлермен бөлісті.

 Аstana.kz сайтына ведомстводан мәлім еткеніндей, семинар барысында медиктер жансақтау бөлімінде шала туған сәбиге алғашқы көрсетілетін көмектердің ерекшеліктері мен өкпеге жасанды дем беру жолдарының дәстүрлі мүмкіндіктерін талқылап, басқа да өзекті мәселелерді ортаға салды. 

РФ Денсаулық министрлігінің бас штаттан тыс неонатологы Алексей Мостовой қазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті. 

«Бала туудың азайып кетуі, салыстырмалы түрде алғанда ана мен бала өлімінің артуы адамдардың денсаулығының кейбір теріс көрсеткіштерінің айғағы. Бұл күрмеуі қиын күрделі мәселелерді біз бірлесіп шеше аламыз», - деп атап көрсетті А.Мостовой.

Шеберлік дәрістерін өткізуі тыңдаушыларға дағды қалыптастыруға, бүгінгі заманауи технологияларды меңгеруге, сол арқылы сәбилердің шетінеуін азайтуға мүмкіндіктер туғызады. 

«№ 1 перинаталдық орталығының» директоры Дина Тұрақбаеваның айтуынша, ана мен баланы қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған басымдықтардың бірі болып табылатын көрінеді. 

Қазақстандағы неонаталдық қызмет кейінгі жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Соның арқасында республикада  жаңа туған сәбилердің шетінеуі азайып келеді. Оған № 1 Перинаталдық орталықтың жұмысы мысал бола алады. Оның құрылымында жаңа туған сәбилердің жансақтау бөлімі мен үдемелі терапиясы, бөлеу мен патология және жаңа туған нәрестелер үшін хирургия бөлімі бар.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109