4632

Астанада қаңтар-қарашадағы инвестиция көлемі 854 млрд теңгені құрады

Негізгі инвесторлар – шағын кәсіпорындар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Статистика мәліметтері бойынша, Астанада 11 ай ішінде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 854 млрд теңгені құрады. Оның 23% немесе 197 млрд теңгесі сыртқы инвестициялардың үлесінде.

«Инвестициялар құрылымы өзгеруде. 2017 жылмен салыстырғанда инвестициялардың үлесі аталған кезеңде екі есе қысқарды - 23% -дан 12% - ға дейін. Осылайша қала бюджетіне жүктеме азайып отыр. Сыртқы инвестиция көлемі және қала инвесторлары сенімді түрде өсіп келеді, өткен жылмен салыстырғанда олардың үлесі 15% - дан 23% - ға дейін өскен», - деп атап өтті Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында.

Астананың негізгі инвесторлары – шағын кәсіпорындар. Жалпы инвестиция көлемінің 70%-ын солар салған.

Ведомствоның хабарлауынша, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялық преференциялар беру жұмыстары белсенді жалғасуда. Осы жылы Астана қаласы әкімдігінің және «Astana Invest»-тің қолдауымен 800-ге жуық жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берген 11 жоба іске қосылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109