7462

Астана экономикасының өсімі байқалады

Болжамды бағалау бойынша өткен жылдың қорытындыларына сәйкес қаланың аймақтық жалпы ішкі өнім көлемі 6 трлн теңгені құрайтын болады. Оның 55% шағын және орта бизнес есебінен қалыптасады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2018 жылы 544 млрд-тан теңгеге өнім шығарып, қызмет көрсетті. Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда аталмыш көрсеткіш 9,6% өсіп отыр.

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 12,6%, жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 2018 жылы 9% артты. Бөлшек тауар айналымының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 6% ұлғайып отыр.

Есептік кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 854 млрд теңгеден асты. Бұл ретте бюджеттен тыс инвестициялардың артқаны байқалады. Олардың үлесі шамамен 88% жетті.

Мемлекеттік бюджет салық түсімдерінің есебінен 981,9 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 13,9% артық.

Құрылыс секторында да оң серпін байқалады. Мысалы, 2016 жылы тұрғын үй құрылысы саласында баспанының 2 млн 256 мың шаршы метрі салынса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 2 млн 359 мың шаршы метрге жетті. Ал 2018 жылы аталмыш көрсеткіш 2 млн 362 мың шаршы метрді құрады. Бұл республикалық көлемнің 21% құрайды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы тұрғын үй құрылысына 14,2 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік инвестиция жұмсалды. Осылайша, 2018 жылы жалпы ауданы 35,61 мың шаршы метр болатын 635 пәтерлік 4 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 168,97 мың шаршы метрді құрайтын 3086 пәтерлік 14 тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109