2574

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттері өз филиалында емделуге мүмкіндік алды

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде №3 қалалық емхана филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде №3 қалалық емхана филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған жоғары оқу орны  студенттерінің енді медициналық көмекті өздерінің студенттік қалашықтарында алу мүмкіндігі туды. 

Емхана филиалының ашылуына бастамашы болған - агротехникалық университеттің ректоры Ақылбек Күрішбаев. Оның ойын жүзеге асыруға ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен елордалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Айгүл Сегізбаева қолдау көрсетті.

«Денсаулық сақтау басқармасы  студенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін ақысыз 220 шаршы метрден астам жер бөлді. Біздің ойымызша, бұл қалаға жасалған үлкен сыйлық болып табылады. Біз филиалды кадрлармен, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, студенттерді қабылдау үшін үш учаске аштық», - деді Айгүл Сегізбаева филиалдың ашылу салтанатында. 

Бүгінгі күні қалалық №3 студенттер емханасы өте қиын жағдайда жұмыс істеуде. Олар елордадағы 53 оқу орынының 57 747 студентіне қызмет көрсетеді. Қаладағы ірі оқу орнының жанынан филиалдың ашылуы емхананың жүгін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

«Сәуір айынан бері емхана филиалында 1 620 пациент қаралды. Мұнда 14 медицина қызметкері, 3 учаскелік дәрігер, 9 медбике, 1 әлеуметтік қызметкер, 1 писихолог жұмыс істейді», - деді филиалдың қадрлармен қаматамасыз етілуі жөнінде №3 қалалық емхананың бас дәрігері Қорлан Қабдырова.

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ басшылығы өз студенттерін әлеуметтік қорғауға үлкен көңіл бөледі. Университеттің бірінші проректоры Айтжан Әбдіровтың айтуынша, емхана ішінде  дәріхана жұмыс жұмыс істейді. Мұндағы дәрілердің бағасы өзге дәріханалармен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Бағалар университеттің жастары ісі жөніндегі студенттер комитетінің үнемі қадағалауында болады.

  Агротехникалық университеттің студенттері мұндай сыйлыққа дән риза және олар университет тарапынан көрсетілген игі шараны өз деңгейінде бағалап жүр. Әділет Ахметов есімді студент емхана филиалының ашылуының студенттер қауымы үшін маңыздылығын айтып берді: «Бұрын біз барлығымыз студенттік емханаға бара қалсақ, ұзын-сонар кезекке тап болатынбыз. Қаншама уақытымыз зая кетіп жүрді. Қазір ешқайда шықпай-ақ өз оқу ордамызда сапалы ем ала аламыз, ең бастысы тез әрі денсаулығымызды да шапшаң түзейміз».

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109