Денсаулық сақтау басқармасы мен «Медикер» компаниясы серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «Медикер» компаниясымен меморандумға қол қойғандығы жөнінде аталған құрылымның баспасөз қызметі хабарлайды.
«Маусымның 5-де Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы «Медикер-Көлсай» медициналық орталығының ашылу салтанатына қатысты. Қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсету аясында мемлекеттік- жеке меншік серіктестікті дамыту мақсатында «Медикер» компаниясымен Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Бүгінгі күні Астана қаласында 4 жекеменшік медициналық орталық мемлекеттік- жекеменшік серіктестік аясында жергілікті бюджет есебінен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіп келеді.(«Кировская» ОДА, «Салауатты Астана» ЖШС, «Медициналық орталық МУА»,«Мырза-Хан» ЖШС). «Медикер» компаниясы енді мемлекеттік тапсырыс аясында сапалы медициналық қызмет көрсетуге қатысып, серіктестік танытатын болады.
«Медикер» көпсалалы емдеу-диагностикалық орталығымен емдеу- алдын-алу ұйымдарының серіктестігі қалалық емханалардың жұмысын жеңілдетіп, тұрғындарға өз уақытында медициналық қызмет көрсетуге және көрсетілетін қызметтің сапасын арттырмақ,- деп хабарлайды басқарма қызметкерлері.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz