1876

Астанада балалардың клиникалық-диагностикалық емханасы ашылады

Маусым айының соңына дейін Астана қаласының қалалық №1 балалар ауруханасы базасында косультативті-диагностикалық емхана ашу жоспарлануда.

 Маусым айының соңына дейін Астана қаласының №1  балалар ауруханасы базасында консультативті-диагностикалық емхана ашу жоспарлануда. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Елордадағы қалалық №2 балалар ауруханасы жанында 20 орындық күндізгі стационар мен жалғыз мамандандырылған клинико-диагностикалық емхана бар.

«Балаларға сапалы ем, қолжетімді әрі заманауи мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында тағы бір мамандандырылған клинико-диагностикалық емхана ашылады. Айта кету керек, күндізгі стационарда 125 қабылдау жүргізілсе, жалпы 40 төсектік орын бар. Емхана - №1 қалалық балалар ауруханасы базасында,  Тәуелсіздік көшесі 11\1 мекен-жайында орналасқан.  Басқарманың мәлімдеуінше,  жаңа емхана Сарыарқа ауданындағы 80 000-нан астам балаға медициналық көмек көрсетуге қауқарлы. 

  Барлық заманауи талаптарына сай жаңа емханада дәрігерлер  медицинаның 18 саласы бойынша қабылдайды. Атап айтсақ, Эндокринолог, кардиоревматолог, логопед, психолог, гинеколог, аллерголог, стоматолог, хирург, офтальмолог, сурдолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, оториноларинголог, нефролог, невролог, гематолог, неонатолог және травматолог. Жаңа мекеме заманауи үлгідегі медициналық құрылғылармен  жабдықталған. Функционалды-диагностикалық кабинет, ультрадыбысты тексеру, рентгенологиялық тексеру, қанды зертханада  тексеру, емдік дене шынықтыру мен физиотерапия кабинеті, медициналық-әлеуметтік көмек кабинеті.

Айта кету керек, аурухана педиатр мамандарды дайындауда  Медициналық университетінің негізгі клиникалық базасы болып есептеледі. Оның 5 кафедрасынан құралған  профессорлық-оқытушылық құрам балаларға медициналық көмек көрсетуде белсенді атсалысып ғана қоймай, қаланың кішкентай тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасына мән беріп, білікті дәрігер мамандар дайындайды. Осылайша  күндізгі стационарлы консультативті-диагностикалық емхананың ашылуы амбулаторлық-емханалық көмектің негізгі алға қойған мақсатын сапалы түрде орындауға зор мүмкіндіктер туғызады және кең ауқымда емдеуді ұйымдастыра отырып, балаларға медициналық көмек көрсетудің сапасын арттырады,- деп есептейді басқарма мамандары.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109