4714

Астанада Құдайға шоқыну мейрамы қалай аталып өтеді

18-19 қаңтарда қазақстандық православ христиандары Құдайға шоқыну мейрамын атап өтеді. Астанадағы жаппай шомылу орындары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Құдайға шоқыну мерекесі 18-19 қаңтарда Астана қаласының барлық православиелік ғибадатxаналары – Успен кафедралды соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Констатин-Елена храмында (Республика даңғылы, 12) және киелі Серафим Саровский храмында (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) аталып өтіледі.

Мерекелік шаралар 18 қаңтарда таңғы сағат 8:00-де басталады.

18 қаңтарда сағат 9:30-да Ұлы кешкілік және Ұлы Василий құлшылығы өтеді. Сол күні сағат 19:00-де Есіл өзенінде суды қасиетті ету рәсімін өткізуге арналған крест шеруі (колоннамен жаяу жүріп өту) ұйымдастырылады.

19 қаңтарда сағат 9:00-де Құдайға құлшылық рәсімі өтеді. Сағат 11:00-де (елорданың  ғибадатханаларында) суды қасиетті ету Ұлы рәсімі өтеді.

Азаматтар мерекеге орай арнайы ұйымдастырылған жерлерде 18 қаңтарда сағат 19:30-дан бастап шомыла алады. Жаппай шомылу шаралары 20 қаңтардағы сағат 02:00-ге дейін жалғасады.

Жаппай шомылуға арналған орындар Есіл өзенінің оң жақ жағалауындағы М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының, «Гранд Алатау» ТК ауданында және сол жақ жағалаудағы «Столичный» саябағы жағалауының ауданында (Амфитеатр мен Regis Astana қонақ үйінің маңында) ұйымдастырылатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін жаппай шомылу орындарында полиция және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ, жедел жәрдем бригадалары кезекшілік атқарады.

Оқыс оқиғалардың орын алуын болдырмау мақсатында ТЖД сақтық шаралары жайында ұмытпай,  суда шомылу ережелерін сақтау керектігін еске салады:

- Мерекеге орай арнайы ұйымдастырылған орындарда жағаға жақын жерде нұсқаушының көз алдында шомылу керек.

- Мұзойыққа түспес бұрын жаттығулар жасау арқылы денені жылыту қажет.

- Мұзойықтың жанына ыңғайлы, табаны тайғақ емес әрі оңай шешілетін аяқ киім киіп келу керек. Бұл аяқтың сезу қасиетін жоғалтуының алдын алуға көмектеседі.

- Суға түсуге арналған баспалдықтың мықты орнатылғанына көз жеткізіңіз.

- Суға баспен сүңгімеңіз. Суға баспен секіру температураны жоғалтуды ұлғайтып, суықтан болатын шокқа соқтыруы мүмкін.  

- Суда 1 минуттан артық уақыт болуға тыйым салынады.

- Балаңызды ертіп әкелсеңіз, оны суға шомылдыру кезінде бақылаусыз қалдырмаңыз. Бала шошып, өзінің жүзе алатынын ұмытып кетуі мүмкін.

Жаппай шомылу рәсімі өтетін күндері ақпарат алуға арналған 2288 call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109