5155

Елордада үздік мұз мүсіндер таңдалды

Астаналық команда «Синдбад мореход и дракон» жұмысымен екінші орынға ие болса, конкурстың бас жүлдесін Ақмола облысының «Степняки» командасы «Степное притяжение» жұмысымен қанжығасына байлады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Бүгін Есіл ауданы әкімдігі мұз ɵнерi хас шеберлерiнің «Шығыс ертегісі: Астананың 101 түні» тақырыбында өткен конкурсының қорытындысын шығарды. Байқау Ботаникалық саябақта өтті. Байқауға Қазақстан, Ресей, Қытай елдерінің 14 командасы қатысты. Қазақстандық команданы Ақтөбе, Қарағанды, Ақтау, Орал, Риддер, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақмола облысының мүсіншілері таныстырды.

Ал Астана намысын  «Ice master» командасы қорғады.

«Мұздан жасалған мүсіндер конкурсы да аяқталды. Барлық қатысушыларға өз алғысымды білдіремін. Кейбірі бұл конкурсқа алғаш рет қатысса, енді бірі өз бағын тағы да бір мәрте сынады. Барлық мүсіндер өте әдемі, бар ынтамен жасалғаны көрініп тұр. Сіздердің мүсіндеріңіз Ботаникалық саябаққа келушілерге көктемге дейін көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын болады», - деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Қайыржанов.

Шеберлер жұмыстарын бағалаған қазылар алқасының құрамында Суретшілер одағының, БАҚ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Қатысушылар сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлдені Ақмола облысының командасы жеңіп алды. Ал бірінші орын Қытайдан келген командаға, екінші орын астаналық командаға, үшінші орын Гонконгтан келген командаға бұйырды.

                                                                                            

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109