4932

Астана әкімі Израильдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

Сәрсенбі, 16 қаңтарда Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Израильдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лиат Вексельман ханыммен кездесті.  

Елорда әкімі Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, екі елдің қаланы дамыту мәселелері бойынша өзара тәжірибе алмасуының маңыздылығына тоқталды.  Бақыт Сұлтановтың пайымынша, өзара ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарына инновациялық даму, медицина, білім беру, туризм, су ресурстарын пайдалану және әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайту жатады.

Астана әкімі, сондай-ақ, Елші мен Израильдің ресми және іскери ортасының өкілдерін ағымдағы жылдың қазанында Астанада өтетін Дүниежүзілік туризм ұйымының (UNWTO) қалалық туризм жөніндегі жа­һандық саммитіне қатысуға шақырды.

Израиль Елшісі өз кезегінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосуға, түрлі салаларда тәжірибе алмасу шараларын жүргізуді жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.

Л. Вексельман Бақыт Сұлтановқа Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынасты нығайту ісіне қосып жатқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Тараптар арасында қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі – денсаулық сақтау саласы. Осылайша,  2018 жылы Астананың 45 медициналық қызметкері Израильдегі Хаим Шиба атындағы медициналық орталықта біліктілігін арттырған болатын.

Бұдан бөлек, Астана қаласының медициналық мекемелерінің базасында Израильдің жетекші мамандарының қатысуымен 9 шеберлік сағаты өткізілді. Сондай-ақ, қала қауіпсіздігі саласында табысты жүзеге асырылған шараларды да атап өтуге болады.  

Кездесу барысында тараптар өзара пікір алмасып, конструктивті диалог үшін бір-біріне алғысын білдірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109