2702

Политехникалық колледждің студенттері Жастар жылын өткізуге қатысты өз жобаларын ұсынады

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері Политехникалық колледждің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Студенттерге жастар жылында жүзеге асырылатын жобалар мен іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

«Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес осы жыл Жастар жылы болып жарияланғаны өздеріңізге мәлім. Қазіргі уақытта қаланың барлық ұйымдарында жастармен кездесулер өткізілуде. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдағымыз келеді. Сондай-ақ, біз жүзеге асырылғалы отырған жобалар туралы айтып береміз. Атап айтқанда, бұл «Сәтті қадам», «Жастар Отанға», «Кеңес орталығы» жобалары. Олардың барлығы талантты жастарды қолдауға бағытталған», – деді «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, жақын арада елордалық жастар «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен, Парламент депутаттарымен, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерімен кездеседі.

Қазіргі уақытта «Астана жастары - 2019» атты өңірлік Жол картасы әзірленді. Құжат 11 өзекті бағытты қамтитын 90 жобадан тұрады. Бұл жастар инфрақұрылымын дамыту, білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті дамыту және қаржылық сауаттылық, талантты жастарды қолдау және тағы да басқа маңызды салаларды қамтиды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109