2995

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

Өрт сөндіруге 5 техника бірлігі мен 19 қызметкер жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Отқа Күйші Дина көшесіндегі үйлердің бірі оранған болатын.

«17 қаңтарда сағат 22:16-да Өрт сөндіру қызметінің орталық «101» байланыс пунктіне Күйші Дина көшесіндегі үйлердің бірінде өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 5 минуттан кейін оқиға орнына жеткен Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері 5 қабатты тұрғын үйде ас үй жиһазы, тұрмыстық техника және төбені әрлеу бөлшектерінің жанып жатқандығын анықтады», - деп мәлімдеді Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінде.

Кіре беріс қатты түтіндегендіктен адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және барлау жұмыстарын жүргізу үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны ұйымдастырылды.

Жанып жатқан пәтерден және көрші пәтерлерден ересектер мен балаларды сыртқа шығару шаралары жүргізілді.

Өрт сөндіру кезінде 6 адам құтқарылды. Құтқарылғандардың екеуі – балалар.

Өрт сағат 12:38-де ауыздықталып, сағат 22:41-де толықтай өшірілді. Тұншықтырғыш газдан уланған 46 жасар ер адам №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Астана қаласы ТЖД хабарлауынша, өрт тұрмыстық құралдардағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан. Өртті сөндіруге барлығы 5 техника бірлігі мен 19 қызметкер жұмылдырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109