4925

«Барыс» командасының ойыншылары балалармен хоккей ойнады

Бүгін қазақстандық «Барыс» клубының танымал хоккейшілері «Қазақ Елі» монументі жанындағы мұз айдынында балаларға шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Алматы ауданы әкімдігі ұйымдастырды.

Шара «Спорт - салауатты болашақ» ұранымен өтті.

«Бүгін қысқы спорт түрлеріне деген ынтасы жоғары, әсіресе, ұл-қыздардың xоккейге қызыға бастағаны қуантады. Осы қыста біздің аудандағы төрт мектептің аумағына мұз айдыны жасалды.

«Балаларға шеберлік сыныбын өткізген «Барыс» командасына жеке алғысымды білдіремін», - деді Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев.

«Астана» спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен «Барыс» командасының шабуылшысы Әлихан Әсетов, Никита Михайлис, қорғаушылар Валерий Орехов және Виктор Сведберг кездесу өткізді.

«Хоккей батылдық пен табандылықты талап етеді. Мен – «Барыс» клубының жанкүйерімін және бүгінгі мастер-класқа қатысқаныма қуаныштымын», - деп бөлісті шарадан алған әсерімен жас хоккейші Інжу. 

Балалар, сондай-ақ, кәсіби мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратовамен кездесті.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109