2437

Танымал қазақстандықтар #Қайтаөңдеуге жобасын қолдады

Танымал әртістер, қоғамдық пікір көшбасшылары қаланың экологиялық жай-күйін жақсартуға арналған ерекше фотожобаға қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Идея авторы – белгілі фотосуретші, Дамир Өтеген. Осылайша ол үстеріне пластикалық бөтелкелер, тетрапакеттер, қағаз, целлофан пакеттер сияқты қоқыс құлаған адамдардың  эмоцияларын көрсеткісі келген.

#Қайтаөңдеуге фотожобасына танымал қазақстандықтар: актер Санжар Мәди, Әділ Ахметов, Ерден Телемисов, актриса және продюсер Әсел Садвакасова, спортшы Валихан Тен, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, әнші Ақмаржан Көшербаева, тележүргізуші Майя Веронская, сондай-ақ фотограф Дәуір Жомарт қатысты.

«Бұл суреттерді, сіз қаладағы билбордтар мен аялдамалардан көре аласыз. #Қайтаөңдеуге фотожобасы елордада қалдықтарды бөлек жинауды енгізуге арналған. Ол 2018 жылдың жазынан іске асырылып жатыр», - деп мәлімдеді қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында.

 Экологиялық жобаны қала әкімдігі «Оператор РОП» ЖШС бірлесіп жүзеге асыруда. Қалдықтарды бөлек жинау пластик, қағаз, шыны, металл  сияқты «құрғақ» және тамақ қалдықтары сияқты «дымқыл» фракцияларға бөлініп жүзеге асырылады.  Жоба аясында елордада 6 мыңнан астам контейнер орнатылады.

Қазіргі кезде көптеген үйлердің аулаларында «құрғақ» қоқыстарға арналған сары түсті контейнер пайда болған. Оған  пластик, шыны, пакеттер, қаңылтыр және қағаз қалдықтарын тастау керек. Бұл қалдықтар іріктеліп, қайта өңдеуге жіберіледі. Жасыл контейнерлер тамақ және басқа да қалдықтарды жинауға арналған. Жасыл контейнерлердегі қоқыс полигонға жеткізіледі.

                                                                                                       

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109