2127

Астанада қысқы ралли-спринт өтті

Елордада  қысқы ралли-спринттен «Самұрық-2019» Қазақстан Кубогының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Оған еліміздің 8 аймағынан 40-тан астам спортшы қатысты.

Шараны Астана қаласы әкімдігі мен ҚР автомотоспорт федерациясының қолдауымен Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығымен Астана қаласының «Sport Racing Club» ЖҚБ ұйымдастырды.

Ралли-спринт – миниатюрадағы ралли. Классикалық раллимен салыстырғанда, жол секциясының маршруты мен жүру ережелері жеңілдетілген, бірақ спорттық бөлім өзгеріссіз қалады. Жүргізуші мен штурман белгілі бір ара-қашықтықтан өту бойынша жарысады. Ал қорытынды нәтижелер барлық арнайы учаскелерді өту бойынша есептеледі.

Қашықтықтың жалпы ұзындығы 50 шақырымнан асады, ол қар үйінділері мен 100% мұздан тұратын күрделі конфигурациялы 12 арнайы учаскені қамтиды.

«Аталған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, автоәуесқойлар арасында автомобиль спортын танымал етуге және жастардың техникалық спорт түрлеріне бос уақытты өткізу формасы ретінде назарын аудартуға, автомобильді басқару дағдыларын жетілдіруге және оны түрлі жол жағдайында қауіпсіз пайдалануға бағытталған», – деді қысқы ралли-спринтін ұйымдастырушысы Денис Аксенов.

Оның айтуынша, қысқы ралли-спринт Қазақстанда 2007 жылдың желтоқсанынан бастап өтіп келеді. Кейінгі жылдары ол біздің республикамыздың барлық спортшылары үшін ең танымал да сүйікті жарыстардың біріне айналды. «Самұрық» ралли-спринт бойынша Кубок Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды және Теміртау қалаларында өткізілді.

2011 жылдан бастап ұйымдастырушылар «Sport Racing Club» ЖҚБ атынан ҚР Кубогында «Самұрық» ауыспалы кубогын іске қосты.

Қысқы ралли-спринттен «Самұрық-2019» Қазақстан Кубогының екінші кезеңі 25-26 қаңтарда Қарағандыда, үшінші кезеңі 8-9 ақпанда Павлодарда және қорытынды кезеңі 22-23 ақпанда Астанада өтеді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109