2616

«Өндіріс» тұрғын алабында қоғамдық көліктің жаңа бағдары іске қосылады

Биыл «Өндіріс» тұрғын алабында үшінші маршрут іске қосылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бұл туралы тұрғын үй алабы тұрғындарына есеп беру кездесуі барысында аудан әкімі Ерлан Қаналимов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда «Өндіріс» тұрғын алабында №24 және № 104 екі маршрут қызмет көрсетеді.

«Қазіргі уақытта біз екі автобус маршрутының қозғалыс интервалын азайтып, автобустар санын арттырып, жаңа үшінші маршрутты іске қосу мәселесін қарастырудамыз», - деді Ерлан Қаналимов.

Бір ай ішінде осы массивте Astra Plat жедел төлем жасайтын 10 пункт ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта тұрғын үй алабында 40 автобус аялдамасы бар. Оның ішінде павильондармен жабдықталғаны – 28, олардың 13-ін ағымдағы жөндеуден өткізу керек болса, 10-ын ауыстыру қажет.

Биыл аудан әкімдігі «Өндіріс» көшесінің екі жағына 4 аялдама павильонын орнатуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы «Байқоныр» ауданының әкімі Ерлан Қаналимов тұрғындарға есеп беру кездесулерін бастады. Кестеге сәйкес, аудан әкімі шағын аудандарда, тұрғын алаптар мен еңбек ұжымдарында 7 есеп беру кездесуін ағымдағы жылдың 21-28 қаңтар аралығында өткізеді деп жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109