5960

Өндіріс тұрғын үй алабында спорт кешені салынады

Биыл мұнда денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов хабарлады.

«Біз биыл мұнда денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастауды жоспарладық. Қазір екі жер учаскесі қарастырылып жатыр. Ол Ақбай көшесіндегі бұрын сүрілген 3-ші, 5-ші, 7-ші үйлердің орнында немесе  Өндіріс көшесінің маңында бой көтереді. Кешеннің нақты қай жерге салынатыны тұрғындармен келісіліп шешіледі. Құрылыс жұмыстары сәуірде, құрылыс сараптамасының қорытындысы шыққан соң, басталады деп жоспарлануда », - деді ол.

Сонымен қатар, Ақбай көшесінде заңсыз салынған гараждарды сүріп тастаған соң 8/1, 11, 13, 15 үйлер аралығында алаңы 1,6 га кеңістік учаскесінде қоғамдық көлік қатынайтын болады.

Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылы тұрғын үй алабындағы Шонанұлы көшесі, 41/1 үйінде барлық ойын элементтері бар аула абаттандырылып, сол жерге Workout гимнастикалық алаңы орнатылған.

                                                                                          

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109