5547

«Көктал-1» тұрғын алабында саябақ пайда болады

«Сарыарқа» ауданы әкімі Арман Тұрлыбек «Көктал-1» тұрғын алабының тұрғындармен есепті кездесу өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындарға былтырғы кездесу барысында жол мәселесінің жиі көтерілгенің еске сала отырып осы мәселенің қалай шешім тапқаны туралы айтып берді.

Арман Тұрлыбектің айтуынша, өткен жылы «Көктал-1» тұрғын алабында жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 12 көшеде жөндеу жұмыстары жүргенің айтты. Ал 2017 жылы 11 көшеде жөндеу жүрген. Жөндеу жұмыстары осы жылы да жүре береді.

«Көктал-1» тұрғын алабындағы Күршім және Басире көшелерінде кәріз өткізілді. Тағы бір маңызды мәселе: шөже ақын, Күршім, Басире көшелерінде шамдар орнатылды», деді А. Тұрлыбек.

Аудан әкімі айтуынша, «Көктал-1» тұрғын алабындағы «Асар» оралмандар бірлестігінде ауқымды істер атқарылған. Онда орталық су, электр жарығы, кәріз жүйесі жүргізілген. Жоба жұмысы жалғасып жатыр. Осы жылы осы аумақта жаңа мешіт салынады.

«Тұрғындардың сұрауы бойынша біз мешіт салуға құжаттарды дайындап жатырмыз. Құрылысты бастамай тұрып инфраструктураны дайындап аламыз. Сол себепті де біз қала әкімімен бірнеше рет кездесу өткізіп, мәселерді шешіп жатырмыз. Құрылтайшы «Көктал-1» тұрғын алабында осы жылы мешіт құрылысын бастайтынына сендірді», деді аудан әкімі.  

Сонымен қатар, тұрғын алабының аумағында саябақ болады, оның құрылысы өткен жылы басталып, осы жылы жалғасатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109