1550

Елордалық дәрігерлер Орта Азияда жалғыз жаңа аппаратты қолданады

Қазақстанда алғаш рет елордалық дәрігерлер мидың қан айналымы бұзылған пациенттердің денсаулық жағдайын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік беретін жаңа бірегей аппаратты пайдалана бастады.

Қазақстанда алғаш рет елордалық дәрігерлер мидың қан айналымы бұзылған пациенттердің денсаулық жағдайын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік беретін жаңа бірегей аппаратты пайдалана бастады. Қалалық №1 аурухананың мамандары нейромониторинг үшін - монитор Camino жаңа аппаратын қолданады. Integra америкалық өндіруші  аталған құрылғыны мидың ішкі қан қысымын дәл өлшеуге арнап шығарған.  

Жабдық медициналық көмек көрсетудің стандартты түрі болып табылады. Оны қазір еуропа мемлекеттері мен Солтүстік Америкада кеңінен қолданып жүр. Қазіргі кезде бұл тек Астана қаласының №1 Қалалық ауруханасында сынақтан өткізіліп жатқан Орталық Азиядағы нейромониторинг үшін пайдаланылатын жалғыз Camino  құрылғы.

Аурухана мамандарының astana.kz сайтына атап көрсеткеніндей, аталған аспаптың өзектілігі сонда, ол пациенттің жағдайының күрт нашарлай бастағанын бірден көрсетеді. Сол арқылы төнген қауіптің алдын алуға мүмкіндік жасайды. 

Инсульт алғаннан кейін немесе инсульттің қайталануының алдын алу, ағзаның қызметін барынша толық қалпына келтіру мақсатында № 1 қалалық аурухана базасында Астана қаласы Алматы ауданының 250 мың тұрғынына есептелген инсульт орталығы құрылды. 

Елордадағы жаңа орталық үдемелі терапия және жан сақтау, оңалту мен нейрохирургия бөлімдерінен тұрады.  Инсульт алған науқастарға шұғыл көмек көрсету үшін құрамында нейрохирург, невролог, реабилитолог, емдік дене жаттығулары нұсқаушылары,  психиатр, кардиолог және нейрореаниматолог дәрігерлер бар мультидисциплинарлық бригада жұмыс істейді. 

№1 Қалалық аурухана мамандарының айтуынша, жаңа Camino нейромонитор  аталған орталықта жоғары сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109