6397

Елбасы: Басты жетістігіміз - қазақстандықтардың жаңа буыны

Бүгін «Нұр Әлем» павильонында Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда өмірдің барлық салалары: білім беру, жұмыс, отбасы, қоғам, еңбек саласы өзгерістерге ұшырағанын атап өтті. Жастардың міндеті - өзгерістерді бағындыру. 

Қазақстандық жастар елн Президентінің қазіргі заманғы қоғамды дамытудағы жас ұрпақтың рөлі туралы сөздерін зор ықыласпен қабылдады. 

Салтанатты рәсім барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда көрсетілді. Елордада Елбасының тікелей эфирде сөйлеген сөзі 14 жоғары оқу орны мен 35 колледжде көрсетілді. Барлығы 15 мыңнан астам университет пен колледж студенттері Жастар жылының ашылу рәсімін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, астаналық әкімдіктің селекторлық залында негізгі іс-шаралармен бейне конференциялық байланыс ұйымдастырылды. Оның жұмысына «Астана жастары» ресурстық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледждердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдері мен жастар ҮЕҰ басшылары қатысты.

«Біз Жастар жылын жариялап қана қоймай, біз жас қазақстандықтардың маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған қарапайым және түсінікті қолдау құралдарын әзірлегіміз келеді. Төрт нәрсе бар, бұл – неғұрлым көп жасқа қолжетімді, сапалы білім беру, жұмыс пен тұрғын үй, сондай-ақ отбасын құру мүмкіндігі. Менің ойымша, бұл төрт нәрсе өте маңызды, оларға жастардың өзі мен мемлекет назар аударуы тиіс. Сондықтан Үкіметке, Президент аппаратына келесі шараларды пысықтауды тапсырамын.

Біріншіден, тұрғын үй проблемасының өткірлігін ескере отырып, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға жылына кемінде бір мың пәтер салуды тапсырамын. Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатқызылуы тиіс», - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Жастардың жұмыспен қамтылуы туралы айта келе, Президент ғалымдардың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай қазіргі мамандықтың жартысы жасанды интеллектпен алмастырылатынын айтты. Сатушыларды, жүргізушілерді, операционистерді, колл-орталықтардың қызметкерлерін, заңгерлер мен экономистерді алмастыруға болады.

Адамды алмастыра алмайтын күрделі мамандықтар сұранысқа ие болып қалады. Олардың қатарында ғалымдар, топ-менеджерлер, мәдениет қайраткерлері, IT саласындағы топ-мамандар, жоғары санатты мұғалімдер мен дәрігерлер, сондай-ақ медбикелер, әлеуметтік қызметкерлер мен күтушілер бар.

«Бұл туралы алдын ала ойлау керек. Оның да уақыты келеді. Біз қазірдің өзінде жасанды интеллект әлемінде тұрып жатырмыз», - деді Президент.

Оның айтуына қарағанда, жастарға алғашқы жұмысшы мамандық бойынша білімді тегін алуға көмектесу керек. Бұдан кейін олар жұмыс істей отырып, жоғарғы оқу орнына өз бетінше түсе алады.

Ол, сондай-ақ, жас ғалымдарға өз идеяларын нақты жобалар арқылы жүзеге асыруға жәрдемдесу қажетттігін тілге тиек етті. Осы мақсатта ол Үкіметке жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыруды жыл сайын 3 млрд теңгеге арттыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Үкімет алдына бизнес компаниялармен, ауқатты кәсіпкерлермен, ұлттық компаниялармен бірлесіп, жастар стартаптерін қолдауға бағытталған арнайы қорды құру міндеті қойылды.

Мемлекет басшысы «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеп, оны әсіресе, ел өңірлерінде кеңінен жүзеге асыруды тапсырды. Оның аясында жұмыс істемейтін жастарға, жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген бос уақыты бар студенттерге, колледж студенттеріне кәсіби базалық түрде бизнесті  жүргізу дағдылары үйретіледі.  Осы ретте Үкіметке Бизнестің жол картасы  2020 бағдарламасының аясында жастар үшін гранттық қаржыландыруды екі есеге арттыру тапсырылды.

«Аталмыш шаралар жүзеге асқан жағдайда, 3 жыл ішінде 300 мың жас бала бизнес негіздері бойынша білім алады. Кем дегенде 80 мың адам өз ісін ашады. Аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін Үкіметке 2019-2020 жылдары 32 млрд теңге бөруді тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.

Жастар Елбасының сөзін зор ықыласпен тыңдады.

«Сіздің тапсырмаларыңызды орындау барысында жастарға өз болашағын құруға мүмкіндік беретін көптеген бағдарламалар жұмыс істейді. Жас кәсіпкерлерге өз кәсібін ашпас бұрын, қолданыстағы заңдар мен түрлі бағдарламалармен жақсы танысып алуға үнемі кеңес беремін. Мұндай бағдарламаларда көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бұл – аграрлық бизнесті жүзеге асырудың зор мүмкіндігі. Біз Атырауда Махмабет алмасының атын кеңінен танытудамыз. Сондықтан біз, ҚХА  жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы Жастар жылында нақты жобаларды қолдағымыз келеді. Осы көктемде Астанада алма бағын ұйымдастырғымыз келеді. Ол үшін аяз бен желге төзімді алманың арнайы 4 сортын дайындап қойдық. Бақты тамшылатып суару шараларын өзіміз жүзеге асырамыз. Сізден бізге тек  бақ орнын анықтауға көмектесуіңізді сұраймыз»,  – деді Атыраудан келген жас фермер Тамила Розметова.   

Өз кезегінде «WikiBilim» қоғамдық қоры мен «Bilim Foundation» қорының негізін қалаушы әрі басшысы Рауан Кенжеханұлы «Астана» ашық университетіне қатысты идеясын ұсынды.

Оның айтуынша, ашық университет платформасы білім беру саласының міндеттері мен заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін біріктіре отырып, сапалы білім алу мен оның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялық негізді қалыптастырады.

«Ашық университетке қатысты идея бүгінгі таңда кеңінен қолданылып жүрген қашықтықтан оқу және бұқаралық ашық онлайн курстар тұжырымдамасына негізделген. Мұндай курстардың әдістемесі мен технологиясы оқытудың әр оқушы үшін ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде әрі ыңғайлы жылдамдықта өткізілуін көздейді», - деп түсіндірді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109