4010

Бауыржан Бағлай: Тәуелсіз еліміздің ғылымын дамытуға жастардың әлеуеті жеткілікті

Жастар жылының басталуына қатысты өз пікірін Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының бас сарапшысы Бауыржан Бағлай білдірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Әлемдегі дамыған мемлекеттердің негізі адами капитал екені айқын. Соның ішінде озық білімді, креативті жастардың алатын орны өзгеше. 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануы жас ғалымдар арасында жағымды қабылданды. Тәуелсіз еліміздің ғылымын дамытып, қарқынды үлес қосуға жалынды жастардың әлеуеті жеткілікті. Оның айқын мысалы – Жастар жылына арналған салтанатты жиын барысында Елбасы алдында таныстырылған стартаптар, тың зерттеулер мен жобалар.

Жас ғалымдардың жобалары жаңа технологиялық дәуірде әлемдік үздік тәжірибені пайдалана отырып, ағымдағы өзекті мәселелерге тиімді әрі ұтымды заманауи шешім табуға бағытталған. Енді Мемлекет басшысының ғылым саласындағы жастардың зерттеулерін қаржырыландыруды ұлғайту бастамасы бізді жігерлендіріп, жаңа белестерді бағындыруға түрткі болмақ.

Жас ғалым ретінде бұл бастамаға ерекше ықылас білдіремін. «Болашақ» бағдарламасының түлегі ретінде маған ғылыми-зерттеу барысында Ұлыбританиядағы игерген озық білімді, талдаудың әдіс-тәсілдері мен саралау дағдыларын пайдалану арқылы қоғамдық келісім саласындағы халықаралық тәжірибе мен үлгілерді пысықтап, оларды кеңінен талдаудың мүмкіндігі туды. Бұл өз кезегінде аталмыш саладағы қазақстандық үлгіні жетілдіруге оң ықпалын тигізеді деген ойдамын.

Сонымен қатар, жиын барысындағы маңызды месседждің бірі – халық  бірлігі мен этносаралық келісім. Сөз сөйлеген жастардың әр алуан этнос өкілдерінен болуы – Қазақстанның бірлік мекеніне айналғанының куәсі. Ұрпақтар сабақтастығы, ортақ Отан мен елімізге деген патриотизм сезімі жастар үшін басты құндылық болып табылады.

Жастар жылы ізгі бастаулардың негізі болсын»!

Мәтін ҚХА-ның assembly.kz сайтынан алынды.     

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109