3388

Елордада «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша ашық есік күні өтуде

«Жастар» сарайында қала тұрғындары өз бизнесін қалай бастау керектігі туралы кеңес алады, деп Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«1000 орын - көше саудасы» бағдарламасы бойынша ашық есік күнін инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұйымдастыруда. Іс-шараға бағдарлама операторы – «Астана» ӘКК, аудандық әкімдіктер, «Астана-РЭК», «Астана су арнасы», сәулет, мемлекеттік кірістер, ТЖ, қоғамдық денсаулықты қорғау департаменттері сияқты барлық мүдделі ведомстволар қатысып жатыр. Мамандар кәсіпкерлерге кәсіпті қалай бастауға болатыны туралы, сауда-саттық павильоны үшін жер телімін алуға қандай құжаттарды жинау керектігі туралы кеңестер береді.

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы шағын және орта, отбасылық  кәсіпті дамытуға бағытталған. Бұл бағдарлама кәсіпкерлер арасында жоғары сұранысқа ие. Бағдарлама аясында 500 жер телімі беріліп, 1500 жұмыс орны ашылған. Ал бюджетке 1,1 миллиард теңге құйылған», - деді инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Руслан Идрисов.

«Бағдарлама әрдайым жетілдіріліп отырады. Ол кәсіпкерлер үшін қолайлы болуы тиіс. Бағдарлама операторы – «Астана» ӘКК сайтында толық ақпарат бар. Азаматтардың көбісі үшін мамандармен бетпе-бет жүздесіп, нақты сұрақтарын қойып, ақпарат алу ыңғайлы. Сол себепті де  жарты жылда немесе тоқсанда бір рет осындай шараларды өткізіп тұрамыз», - деді ол.

Р. Идрисовтың айтуынша, «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасында екі тетік пайда болды. Осы жоба аясында жұмыс істейтін барлық кәсіпкерлерге QR-кодтар беріледі. Олардың көмегімен кәсіпкер туралы толық ақпарат алуға болады. Екіншісі, жер телімдерін жалға алу онлайн бәссауда арқылы жүретін болады. Ол үшін Астана әкімдігі блокчейн технологиясын қолдана отырып Adal Auction электронды платформасын іске қосты.

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша алғашқы онлайн сауда 28 қаңтарда өтеді. Бүгін – үміткерлерден құжат қабылдаудың соңғы күні.

«Бәссауда ары қарай жалғаса береді. Жер телімдері 10 учаскеден шығарылып отырады. Келесі сауданы ақпан айында өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының жетекшісі Сәкен Әділбеков.

Бағдарлама жетекшісінің сөзінше, онлайн бәссауда барынша ашықтықты қамтамасыз етіп, уақытты да үнемдейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109