7035

Астанада Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараты салынады

Астанада Дүниежүзілік сауда орталықтарының қауымдастығы Халықаралық сауда орталығын салатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасымен кездесуге Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі (WTCA) Рольф Драак және «Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар және Президент Әкімшілігінің басшысы Ә. Исекешев, Астана қаласының әкімі Б. Сұлтанов және сәулетші-дизайнер Кеннэт Брюс Джеймс Андерсон қатысты.

Мемлекет басшысына елордада шетелдік инвестициялардың есебінен бой көтеретін Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараты құрылысы жобасы ұсынылды.

Негізгі инвестор – сауданы дамыту орталықтарының дүниежүзілік қауымдастығы. Әр түрлі елдерде халықаралық сауданың орталықтары трансұлттық компаниялардың аймақтық штаб пәтерлерін орнатуға арналған бизнес алаңға айналуда.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа нысан жобасын мақұлдап, Астана қаласының әкімі Б. Сұлтановқа инвестормен бірлесіп, жобаны әске асыру шараларын бастауды тапсырды.

Инвесторлардың ірі ауқымды жобаны іске асыру бойынша ұсыныстары елорда әкімдігінде өткен кездесу барысында талқыланды.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға қаланы басқарудың жаңа моделін құру міндетін қойды. Ол креативті идеялы адамдарды тартуға, көліктік-логистикалық, қаржылық хабқа қолайлы жағдай тудыруға негізделеді. Осы тапсырмалар әкімдіктің қаланы 2050 жылға дейінгі дамытуға бағытталған стратегияның басты негізі болуы тиіс. Оны әзірлеу барысында біз әлемдік астаналар мен ірі қалалардың тәжірибесін талдап жатырмыз.  Біз алдымызға Астананы әлемдік астаналар қатарына кіргізу үшін нақты бағытты айқындап алуымыз керек. Бұл қазіргі заманғы және болашақ технологиялар жайлы, қалалық, сәулет, урбанистік шешімдерге қатысты айтылып отыр.

Сіздер мен біздің бірлескен жұмыс – болашақта іске асатын ірі жобалардың бірі. Сол себепті де болашақ  Дүниежүзілік сауда орталығының жаңа ғимараты үшін ЭКСПО аумағында таіңдайға тура келеді. Ол жерде «Астана» халықаралық қаржы орталығы да орналасқан»,- деді Бақыт Сұлтанов.

Инвесторлар бүгінгі таңда Қазақстан бизнесті жүргізу үшін берілетін мүмкіндіктерге өзінің жоғары бағасын берді.

Анықтама үшін:

Халықаралық сауда орталықтары әлемнің 100 еліндегі 300-ден астам орталықтан тұратын ауқымды жаһандық желі болып табылады. Халықаралық сауда орталықтарының қауымдастығы – БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесі жанындағы үкіметтік емес ұйым.

Халықаралық сауда орталықтарының көп бөлігі Еуропа (100-ден астам) мен АҚШ-та (60-қа жуық) орналасқан.

ХСО барлығы коммерциялық ақпарат, іскерлік кеңестер, көрмелерді. Конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру,кеңселерді жалға беру, қонақ үй қызметтері, байланыс және коммерциялық оқыту, рекреациялық және көңіл көтеру қызметтері сияқты қызметтердің стандартты жиынтығын ұсынады. Өз қызметін жүзеге асыра отырып, ХСО аймақтық ерекшеліктерді, өңірдің мүдделерін есепке алады. Мәселен, Мехико ХСО, Сан-Паули ХСО және Роттердам ХСО жалға алушыларға түрлі қызметтерді ұсынады. Көрмелер мен жәрмеңкелер – бұл Тайбэй ХСО, БазельХСО және Халифакс ХСО ерекшелігі. Ақпараттық қызметтерді көрсетуде Балтимор ХСО, Гренобль ХСО және Сеул ХСО тәжірибесі мол. Сауда миссияларының ұйымы көбіне Париж және Саппоро ХСО-тарында сұранысқа ие.

Дубайдағы ХСО (Дубай ДСО) сондай-ақ, тұрғын үй апартаменттері мен көрмелік сауда залдары бар бизнес орталық болып табылады. Бұл орын ел аумағындағы халықаралық сауданың дамуына өзінің зор үлесін қосты. Қазір мұнда көптеген конференциялар, көрмелер, шоу-бағдарламалар, банкеттер өткізіледі.

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109