1747

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша бәссауда алғаш рет электронды форматта өтеді

Астанада «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының аясында жер телімдерін жалға алу бойынша бәссаудада блокчейн технологиясын енгізуге қатысты пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Келесі дүйсенбіден бастап «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы аясындағы бәссауда алғаш рет электронды форматта өтеді.

Бүгін брифингте инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров, өткен жылы халықаралық Bitfury блокчейн компаниясымен «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы аясындағы жер телімдері бәссаудасын электронды форматта өткізуге қатысты пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі келісімге қол жеткізілгендігін айтты.

Осылайша, бәссауда электронды форматта өтеді. Бұл ретте, тіркелу, кепілдік жарнаны төлеу және сауда-саттыққа қатысуды смартфон арқылы жүзеге асыруға болады.

«Дәлірек айтқанда, енді ешқандай адами фактор мүлде жойылады. Бізде төрт блокчейн-нод және серверлер бар, онда барлық мәліметтер жазылып,  аудитордың ноды Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінде қадағаланады», - деп түсіндірді Әбдіқадыров. 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109