2435

Қала тұрғындарын не толғандырады?

«Байқоңыр» әкімінің аппараты Astana Innovations және Урбанистика орталығымен бірлесе отырып «Сұраныс бойынша қала» жобасын іске қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Сұраныс бойынша қала» – бұл тұрғындардың өмір сүру ортасына қатысты түсінігін арттыруға, тату көршілікті тәрбиелеуге, қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарауға және ортаны трансформациялау құралы ретінде диалогты дамытуға бағытталған кешенді жоба.

Жобаның бірінші кезеңінде ақпарат жинау басталып, сауалнама жүргізілді. Ең белсенді тұрғындар 9-11 қарашада «модераторлар мектебінде» қалалық диалогты жүргізу құқығына ие болды. Үш күн ішінде болашақ модераторлар бірлескен шешімдерді іздеу үшін диалог жүргізуді үйренді.

Екінші кезең 19 және 20 қаңтарда урбанист Святослав Муруновтың басшылығымен өткен жобалық семинар болды, оған 60-тан астам адам қатысты. Семинар барысында тұрғындар қала мәселелерін талқылап, абаттандырылуы тиіс орындардың тізімін құрды. Барлық ниет білдірушілер әкімдік өкілдерінен, белсенді тұрғындар мен модераторлардан тұратын жобаның жұмыс тобының құрамына кірді. Әр аулаға кураторлар бекітіліп, олар белсенді тұрғындармен бірге жерді зерттеп, көршілерін тартады.

Олардың жұмысының нәтижесі аула аумағын толық сипаттайтын «Аула төлқұжаты» болады. Оның негізінде тұрғындар, кураторлар мен сарапшылар осы көктемде «қалалық шеберханалар» форматында сыналатын аулаларды жобалауға тапсырма жасайды. Мұндай ойын форматында аудан ортасын дамыту бойынша барлық идеялар сыналады, содан кейін техникалық тапсырмалар қажет болған жағдайда түзетіліп, жұмысқа жіберіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109