11522

Астанада Жастар жылын өткізуге арналған Жол картасы іске асырыла бастады

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов Жастар ісі бойынша кеңесте жаңа жобалардың басталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Жастар ісі бойынша кеңес жас ұрпақтың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ашық диалог алаңына айналады.  

Кеңестің ашылуында сөз сөйлеген қала әкімі Жастар жылына арналған жобаларды жүзеге асыруға өңірлік Жол картасының дайындалғанын айтты. Астанада Жастар жылына байланысты Елбасы тапсырмасын және қоғамның ұтымды ойларын жүзеге асыру мақсатында «Астана жастары -2019» өңірлік Жол картасы әзірленген.  

«Мемлекет басшысы әр Жолдауында және стратегиялық құжаттарда жастар мәселесіне өте үлкен мән береді. Онда сапалы білім беру, денсаулық сақтау, отбасын құру, кәсіпкерлік белсенділік, жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері қамтылған. Біздің жастар ел экономикасының капиталына айналуы үшін барлығын алуы тиіс. Сол себепті еліміздің басты стратегиялық құжаты «Стратегия 2050» - дамыған отыз елдің қатарына қосылуға бағыт алудамыз», деді Б. Сұлтанов. 

Осы істе Астана көш бастап, біздің жастар өздерінің бар мүмкіндігін жүзеге асыру керек.

Ол үшін барлық жағдай жасалған. Елбасы білім жүйесін айтады. Өздеріңіз білесіздер, Астана жаңа заманғы кадр дайындау жүйесіне көшіп жатыр, біздің қалада 100 жаңа мамандық бойынша оқыту қолға алынды. Қазір кезінде біз білмеген көп мамандық бар, ал болашақта қазіргі бар мамандықтардың көбі болмауы да мүмкін. Елбасының ең басты тапсырмаларының бірі - Астананың 2050 жылға арналған даму стратегиясына енгізілген Астананың жаңа экономикалық моделін түзу. Онда басты назар креативті идеяларды жүзеге асыру, Астана әлемдік астаналар қатарына енуіне мүмкіндік жасауымыз қажет. Әрине, өте биік меже, бірақ қолдан келетін іс», деді әкім.  

Ол жастар өз ойлары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға барлық әлеуметтік сатылар ашық болуы керек деді.  

«Өздеріңіз білесіздер, стартапшыларды қолдау мақсатында жақында АӘҚО аумағында стартап - хаб ашылды. Осы бағытта Астана әкімдігі де тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Жуырда тағы бір коворкинг-орталық Jastar Synergy астаналық жастар хабы құрылады. Бұл да өз идеясын жүзеге асыруға арналған қосымша әлеуметтік сатылардың бірі, онда жастар кәсіпкерлік бастамаларын іске асырып, біліммен және инновациямен бөліседі» деді ол.

Әкім біздің елде жастарды әлеуметтік қолдау бағытында өте маңызды реформалар жүріп жатқаның айтты. Ол жастардың отбасын құруға, балаларын тәрбиелеуге, бақытты отбасы болуға жетелейді. Елордада білім беру және денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары белсенді іске асырылып жатыр. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109