10819

Жастарға арналған жол картасына 101 жоба енбек

Бұл жобалардың барлығы да белсенді жастармен бірлесе отырып, «бүге-шігесіне» дейін талқыланды, деп хабарлайды  елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Жастар жылында Астана қаласы бойынша атқарылатын жаңа жобаларды сараптау барысында белсенді азаматтық ұстаным, бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейі, прагматизм мен білім культі, ұлттық бірегейлік түсінімі негізге алынды», деді Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында Астана қалалық қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Оның айтуынша, Жол картасының қорытынды жобасына 101 жоба енгізілген. Атап айтқанда 11 бағыт бойынша 600 іс-шара өткізілетін болады. Бұл жобалар Қоғамдық даму министрілігінің анықтауы бойынша қазіргі қазақстандық жастар үшін мейлінше өзекті болып отырған жобалар, деп атап өтті өз сөзінде Д.Есин.

Д.Есиннің айтуынша, кеңес мүшелері мен ҮЕҰ және белсенді жастар жобаны дайындау барысында жекелеген кездесулермен қатар үлкен жұмыстар атқарып, жобалар «бүге-шігесіне» дейін әбден талқылаған.

Алғашқы бағыт, атап айтқанда, табысты әлеуметтендіру мақсатында инфрақұрылым құру. Оған 10 ірі жоба кіреді.

Біз Жастар сарайының базасында астаналық жастар хабын құру тұжырымдамасын жасақтауға кірісіп кеттік. Ол «Jastar Synergy» деп аталады. Бұл шешімді тарихи деуге толық негіз бар. Өйткені, елорда жастары көптен армандаған дүние биыл қала әкімінің қолдауының арқасында жүзеге асқалы отыр,- деп жалғастырды сөзін ол.

«Jastar Synergy» хабы  жастардың жұмыс жасауға, спортпен шұғылдануға, бос уақытын өткізетін және қалалық қоғамдастықтар жұмысымен танысуға арналған, мамандыққа бағыттануға, білім және нетворкингке арналған кеңістік культі міндетін атқармақ.

Наурыз айында Astana Innovations Жол картасын жүзеге асыру барысында Қазақстандағы тұңғыш SeedSpace бизнес-акселераторын ашады деп жоспарланып отыр. Ғаламдық желіге біріктірілген жобаның негізгі мақсаты – жылына 50 стартап-жобаны жүзеге асыру.

Инфрақұрылым мәселелерімен қатар, қолжетімді және сапалы білім алумен қамтамасыз ету мәселелеріне де ерекше мән берілуде. Атап айтқанда, Жол картасы шеңберінде 100 жаңа мамандық бойынша білім беру гранты бөлінетін болады.

Жол картасы аясында қоғамдық даму істері басқармасы маңыз беріп отырған келесі бағыт – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын сақтап, денсаулықты сақтау және нығайту. Бұл бағыт бойынша 11 ірі жоба қарастырылуда.

Жол картасы бойынша жастарды еңбекке баулу, еңбек етуге жағдай жасау және оларды жұмыспен қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлініп отыр. Басымдық берілген келесі бағыт - қаржылық сауатты арттыру мен кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау.

Жастар мен жас отбасыларды қолдау мақсатында қолжетімді баспана жүйесін дамыту да басты назарға алынуда. Сондықтан Жол картасы шеңберінде осы бағыт бойынша 6 ірі жоба қарастырылды.

Жол картасы аясында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мен жауапкершілік сезімін арттыруға да мән берілмек. «Жастар жылы жастардың қызығушылықтарын арттыруға қатысты жүйелі жұмыстардың негізі, олардың одан әрі дамуына қажетті заттармен қамтамасыз ету жылы болатынына сенімдімін», деп түйіндеді сөзін Д.Есин.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109