9875

Астана әкімі Тамила Розметованың бастамасына қолдау білдірді

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов атыраулық фермер Тамила Розметова ұсынған алма бағын құру жобасын жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл туралы Жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысында белгілі болды.

Бақыт Сұлтанов Жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысында қала ішінде 12 саябақ пен 100-ге тарта алаң бар екендігін ерекше атап өтті.

«Бұның барлығы астаналықтар мен қала қонақтарына жасалған керемет жағдай. Өздеріңіз жақсы білесіз, Жапонияға барғысы келген туристер саны сакура гүлдеген кезде арта түседі. Менің туған жерім Алматы. Өрік, шие, алма қатар гүлдеген кезде айналамыз да ерекше күйге еніп, көңіл-күйіміз көтеріледі. Дәл осындай бақты Астанада жасау қалалықтар мен қала қонақтарына үлкен сый болар еді деп ойлаймын. Сол себепті біз қуана-қуана келістік. Бұл іске жауапты бөлімдерге тапсырма берілді», - деген әкім: «біздің Тамара Розметова Елбасына тамаша ұсыныспен шықты. Ұзаққа созбай, біз жедел түрде жобаны жүзеге асырудың 2-3 нұсқасын әзірледік. Расында керемет бастама. Біз өз тарапымыздан бұл жобаға барлық жағдайды жасап, оның нақты жүзеге асуына, тиянақты нәтижесіне жетуіне көңіл бөлеміз», деді.

Жуырда өткен Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы алдында Т.Розметова Астанада алма бағын отырғызуды ұсынған болатын. Бұл ретте заманауи тамшылатып суару жүйесі қолданылмақ. Алманың малавита, фридом, надзеве және беларустық деп аталатын төрт арнайы сорты өсірілмек.

«Бір гектар жерден 20-25 тонна өнім ала аламыз. Бұл жобаны Атыраудың ауа-райы жағдайында жүзеге асырып көрдік. Ал Атырау мне Астана қалаларының ауа-райы өте ұқсас. Қазіргі кездің өзінде бізде 150 гектар жерге алма отырғызылды. Одан 400 тонна алма алып отырмыз. Бұл бақты 2006 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы өзі ашқан болатын, біздің алма ағаштарының қалай жайқалып өсіп жатқанын өз көзімен көрді. Осы бақта қолданылған технологияны Астанада да қолданғымыз келеді. Отырғызатын жер көлемін өзгертуге болады, сіздер ұсынған аумақта өсіруге дайынбыз», - деп атап өткен еді Т.Розметова.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109