9868

Бақыт Сұлтанов қаладағы құрылыс нысандарын аралады

Астана әкімі қалада салынып жатқан екі мектептің, екі тұрғын үй кешенінің және экоқалашықтың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нысандарды аралаған қала басшысы жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сәтті аяқтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Жұмыс сапары барысында Бақыт Сұлтанов Астананың жаңа аудандарында салынып жатқан екі мектептің құрылыс алаңына барып қайтты. 1200 орындық мектеп № 31 көшесінің оңтүстік жағында бой көтеруде. Ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда қазір электр жарығы тартылып, қазандық орнатылған Жоспарға сәйкес ол 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін пайдалануға берілмек. Әкім нысанға қажетті инженерлік желілер мен кірме жолдарды тарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Аталмыш жұмыстар маусымға дейін аяқталуы тиіс.

Елорда әкімінің айтуына қарағанда, Мемлекет басшысы баспана мен сапалы инфрақұрылымның қолжетімділігімен қамту сияқты ыңғайла ортаны қалыптастырудың маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.

«Бірінші тамызда мектеп коммуналдық меншікке тапсырылуы қажет. Сол себепті канализациялық станциядар мен жолдардың құрылысын маусымда аяқтау керек. 1 қыркүйекте мектеп оқушыларын қабылдауы керек», - деді қала әкімі.

Қорғалжын тасжолының оңтүстік жағындағы 900 орынға лайықталған мектептің құрылысы қазіргі таңда тоқтап тұр. Құрылыс жұмыстарын аяқтайтын компанияны анықтау бойынша конкурс өткізілетін болады. Бақыт Сұлтанов мектепті уақытында жаңа оқу жылының алдында ашу үшін процедураларды жеделдетуді тапсырды.

Әкім, сондай-ақ, «Шар-Құрылыс» компаниясының құрылыс жұмыстары жүріп жатқан екі тұрғын үй кешенінде болды. Шахар басшысы Тұран даңғылы мен Керек-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында орналасқан «Алтын Шар» ТК мен «Тельман» тұрғын алабы ауданындағы «Бағыстан» ТК құрылысының барысымен танысты. «Алтын Шар» ТК құрылысы «Нұрлы Жер» бағдарламасының аясында жүргізілсе, «Бағыстан» ТК-дегі пәтерлерді «7-20-25» және «Тұрғын үй заемы» ипотекалық бағдарламалары бойынша сатып алуға болады. 

«Шар-Құрылыс» ЖШС бас директоры Жанна Бектемірованың айтуына қарағанда, үйлер энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа қаңқалы-монолитті технология бойынша салынып жатыр.

Бұдан бөлек, Бақыт Сұлтанов «Қазанат» ипподромы ауданында орналасқан энергиялық тұрғыдан тиімді Energy City коттедж қалашығына барды.

Эко үйлер жел генераторларының, күн батареяларының, жылытудың «ақылды» жүйелерінің есебінен тіршілікті қамтамасыз етеді. «Стройинвест-СК» компаниясының бас директоры Александр Кравченко мұндай үйдің энергияны тұтынуға қарағанда, оны көп көлемде өндіретінін алға тартты. Бұл – қалалық коммуникациялар жүйелерінен автономды түрде жұмыс істей алатын Қазақстандағы алғашқы экологиялық тұрғын үй кешені.

Құрылыс нысандарын аралау барысында Бақыт Сұлтанов жауапты тұлғаларға жолдардың құрылысын қамтамасыз етуді, жоғарыда аталған барлық нысандарға коммуникацияларды уақытында тартуды жүктеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109