Байқоңыр ауданының әкіміне тұрғындардан 158 сұрақ пен ұсыныс келіп түсті
Ерлан Каналимовтың аудан тұрғындарына есеп беру кездесулерінде көтерілген сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аудан әкімі Ерлан Каналимовтың есептік кездесулеріне Байқоңыр ауданының екі мыңнан астам тұрғыны қатысты.
Аудан әкімдігінде белгілі болғандай, 21-28 қаңтар аралығында 7 есептік кездесу өткен. Кездесулер барысында аудан әкіміне тұрғындар тарапынан 158 сұрақ пен ұсыныс келіп түсті.
Сауалдардың біраз бөлігі коммуналдық шаруашылық, аулаларды абаттандыру мәселелеріне, жолдарды салу және жөндеу, апатты үйлерді бұзуға қатысты болды.
Аудан әкімінің есебін сондай-ақ, ҚР Президент Әкімшілігінің бас инспекторы Нұрлан Нұркенов, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің бас инспекторы Асқар Ғазалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов, Астана қаласының маслихат депутаттары да тыңдады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz