«Алматы» ауданында жаңа жолдардың қай жерлерге салынатыны белгілі болды
Биыл 35 мың шаршы метр жол жабындысын жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Осы жылы 35 мың шаршы метр асфальт-бетон жабынын, Б. Момышұлы (Қ. Сәтбаев пен А. Тоқпанов көшелерінің аралығы) даңғылындағы және Қ. Сәтбаев көшесіндегі (Күйші Дина көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі аралық) жаяу жүргіншілер жолдарының 16 мыңнан астам шаршы метрін жөндеу, аулалардағы (Тәуелсіздік д-лы, , 6/1, 6/2, Жирентаев к-сі 2, Жансүгіров к-сі, 4/3) тұрақ орындарына абаттандыру жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев бүгін халыққа есеп беру барысында.
Бұдан бөлек, оның айтуынша, «Өнеркәсіптік» алабында 5 көшенің құрылысы басталады. Сондай-ақ, Теміржол алабында 7 көшенің құрылысына қатысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде.
Сондай-ақ, Достар шағын ауданында және «Саламат» ТК-ні ауданында квартал ішіндегі өтпе жолдарды жайластыру жұмысы жүргізілетін болады.
Мұнымен қоса, Оңтүстік-Шығыс (сол жағы) ықшам ауданындағы 19 көшенің құрылысына қатысты жобалар бар.
Осы жылы Тәуелсіздік даңғылы бойынша Есіл өзені арқылы өтетін алты жолақты автомобиль және жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің құрылысы бойынша жобаны іске асыру көзделген, ол оң және сол жағалауды байланыстырады. Аудан бойынша 70 желден қорғайтын және 10 жылы аялдама кешені орнатылады. Осы жылы «Алматы» ауданының 25 ауласын жарықтандыру жұмыстары аяқталмақ. Осылайша ауланы жарықтандыруға қатысты сұрақ өз шешімін табады», – деді әкім.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz