1899

ҚХА мен ІІМ құрылымдарының өзара әрекеттесу механизмдері әзірленді

Жұмыс бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде құрылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Достық үйінде Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастар саласындағы бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру және өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жиын өтті.

Шара ұйымдастырушысы – Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы. Астана қаласының ҚХА-ы кеңесінің мүшесі Шавкат Исмаилов атап өткендей, жұмыс ІІМ-і мен ҚХА-ның бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде құрылады.  Ұқсас жоспарлары қалалық деңгейде әзірленетін болады, сондай-ақ оны іске асыру жұмысына Астана қаласы ҚХА-ның барлық құрылымдары тартылатын болады.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ішкі істер министрлігінің өзара әрекеттесу механизмдерін әзірлеу, полиция қызметкерлерінің этникалық топтармен жұмыс барысында төзімділік дағдылары мен тәжірибені қалыптастыру. Бірнеше жыл бойы біз полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасаймыз, ол өз тиімділігін көрсетті деп ойлаймын. Бұл біздің бірлескен іс-әрекеттердің жалғасы болады»,  – деді жиында Ш.Исмаилов.

Отырыс барысында осы жылғы жоспарды іске асыруға қатысты ұсыныстар тыңдалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109