Қазақстанның үздік гимнастшылары Астанада бас қосады
30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында елордада көркем гимнастикадан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, чемпионатта еліміздің 11 облысынан және Алматы мен Шымкент қалаларынан келген спортшылар бағын сынайды. Жарыс барысында 106 гимнастшы жекелеген бағдарламада және 30 команда (әр командада 6 адамнан) топтық жаттығуларда шеберлік байқаспақ.
Дүбірлі додада Астананың намысын 5 команда, жекелеген бағдарламада 10 спорт шебері және 11 спорт шеберіне кандидат қорғайды.
Мұнымен қоса, көпсайыстан спорт шебері (2002-2003 ж.т.) мен спорт шеберіне кандидаттар (2004-2006 ж.т. жастар) сияқты екі разрядтық санаттағы спортшылар арасында топтық жаттығулар бойынша жеке біріншілік өткізіледі.
Спорттық шара Көркем гимнистика академиясында өтеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz