Есіл ауданы пайдалануға берілген тұрғын үй саны бойынша көш бастап тұр
Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің 68%-ы Есіл ауданында салынды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Тұрғын үй құрылысы саласында Астана өзге өңірлерден оқ бойы озық тұр. Өткен жылы баспананың 2378052 млн шаршы метрі пайдалануға берілді, оның 1611851 млн шаршы метрі біздің ауданда орналасқан. Бұл жалпы көлемнің 68%-ын құрайды.
Бұл көрсеткішке аудан аумағында жұмыс істейтін ірі құрылыс компанияларының (BI Group, «Базис-А», Sembol Construction, Mabetex және т.б.) қызметі және «Елорда Даму» әлеуметтік тұрғын үй жобаларын іске асыру есебінен орындалды.
«Жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Бірақ бұл құрылысы аяқталмаған нысандар мәселесін жоққа шығармайды. Оларды шешу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр. 144 нысан тексерілді. Оның ішінде 119 әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды. Мониторинг қорытындысы бойынша, 3 нысан мемлекеттік лицензиядан айырылды, 4 мұнара краны бөлшектелді», – деді аудан әкімі Төлеген Закарьянов халыққа есеп беру кездесуінде.
Сонымен қатар, аудан билігі аулаларды абаттандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
«Біздің ауданда 278 аула бар. Оның 53-ін абаттандыру қажет. Осыған байланысты 10 ауланы кешенді абаттандыру жүзеге асырылды, 7 футбол, 5 баскетбол алаңы және 1 хоккей корты, 12 жаттығу алаңы, 112 тренажер, 12 Workout спорт тренажерларының жиынтығы және 182 шағын сәулет нысандары орнатылды. Сонымен қатар, тағы 7 аула тұрғындардың өтініштері бойынша жабдықталды», – деді ол.
Сонымен қатар, тарту орталықтарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қабанбай батыр даңғылы, 31, Мәңгілік Ел, 22/1 мекенжайларындағы аулалар және Пригородный тұрғын алабындағы саябақтар абаттандырылды. Аталған нысандарды спорттық, балалар алаңдары, футбол, баскетбол ойындарына арналған алаңдар, көгалдандыру, субұрқақ, ландшафтық дизайн, жаяу жүргіншілер және тротуарлармен жабдықтау көзделіп отыр.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz