4389

Астананың экономикалық көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетуде

Ең төменгі жұмыссыздық деңгейі елордада тіркелген, жалақы өсіп, коммуналдық тарифтер төмендеуде, медициналық қызмет сапасы жақсарып келеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласы тұрғындарының экономикалық даму мен әлеуметтік тұрақтылығының өсуі байқалуда, деп хабарлады стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасында.

Еңбек нарығына келетін болсақ, Астанада бұл салада жағдай тұрақты. Еліміз бойынша ең төменгі жұмыссыздық деңгейі - 4,5% елордада тіркелген.

Сонымен қатар, біз 4 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысын 20% көтердік. Орташа айлық номиналды жалақы 5,6% өсті, жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыс - 9,4% құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес табиғи монополиялардың қызметтеріне тарифтер төмендеді. Атап айтқанда, электр энергиясына тариф - 13%, сумен жабдықтау және ағын суларға - 10%, жылу беру 9%, қоқысты шығару, лифт қызметтерін және Пәтер иелерінің кооперативі (КСК) қызметтері 5%-ға төмендеді.

«Одан бөлек, 2023 жылға дейін Астана қаласының ықшамды дамуының кешенді жоспары бекітіліп, іске асырылуда. Жоспар аясында инфрақұрылым тұрғысынан алғанда, 121 км жол, 2 жол айрығы, 3 көпір, 1 жол өтпесі, 1 туннель, сондай-ақ жеңіл рельсті көлігінің 1-ші жолы (LRT), 150 км сумен жабдықтау желілері мен 81 км су бұру желілері салынады. Сондай-ақ, ағын сулар құбыры проблемасы да шешілетін болады», – деп атап өтті ведомствода.

Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымдардың саны артады, жалпы 63 мың орынға арналған 37 мектеп пен 10 мектепке жапсарлас ғимарат, 25 жаңа балабақша, 15 денсаулық сақтау нысаны салынып,  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында медициналық мекемелерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған «Үйдегі дәрігер» жобасы іске асырылатын болады.

Астана қаласы бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында  екінші деңгейлі банктермен 22 млрд. теңгенің несиесі мақұлданды (ҚР үлесі - 41%), бұл 1628 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Баспананы одан әрі қолжетімді ету және қала қызметтеріне ең қажетті мамандарды тарту үшін білім беру, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуы үшін жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Сертификат түрінде 1 млн. теңгеге алғашқы 100 субсидия бөлінді, биыл да 2 000 субсидия (сертификат) беру жоспарланған», деп атап өтті қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасында. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109