2385

Әкімдік 55 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлаған

Бүгінгі таңда 23 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин бюджеттік-инвестициялық жобалар мүлкін коммуналдық меншікке беру барысы туралы хабарлады.

«2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 5,5 млрд. теңге бюджеттік-инвестициялық жобалар мүлкі қабылданды,  2004-2015 жылдардағы проблемалық жобалар қабылданған жоқ», деп айтты А. Амрин әкімдікте өткен жиында.

Белгілі болғандай, 22 қаңтарда Астана әкімі 2019 жылғы бюджеттік-инвестициялық жобалар (БИЖ) тізбесін бекітті.

Оның айтуынша, әкімдік 55 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлаған. Қазіргі таңда 23 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде.

Сонымен қатар, БИЖ-дің 21-жобасы әзірге хабарланбаған.

«Хабарландырулар болмауының негізгі себептері мемлекеттік сараптама қорытындысын, қазынашылық сүйемелдеумен жобалар тізіміне қосу кешігуде, жер учаскелері және жобалардың құнына түзетулер енгізу мәселелері шешілмеген», – деді Амрин.

Сонымен қатар, 11 жобаның  тізбеден алынуына байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілмейді.

«2019 жылдың жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті Амрин.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109