3173

Әкімдік әкімшілік шығындарды қысқартады

Сондай-ақ, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және азаматтар үшін жайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында жаңа қоғамдық бақылау құралдарын енгізу жоспарланған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылы «Астана – адалдық алаңы»  жобасын іске асыру шеңберінде әкімдік ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының жұмыс алаңдарын және әкімшілік шығыстарды оңтайландыруды жоспарлауда, бұл бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі азаматтардың қала стационарларында болуына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету жұмысын жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және азаматтар үшін жайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында жаңа қоғамдық бақылау құралдарын енгізу жоспарланған.

«Медициналық қызмет көрсету саласын жаңғыртумен бастапқы медициналық-санитарлық көмектің барлық орталықтары қамтылған. Жаңғырту қаржы шығыстарын оңтайландыру аясында өткізілген. Өткен жылы барлық емханаларда қосалқы қызмет түрлері аутсорсинг берілді, ол шамамен 300 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Үнемделген қаражат есебінен емханаларда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін цифрлы ақпараттық дүңгіршектер, навигация жүйесі, балалар алаңы, бірыңғай брендбук, ресепшен, су диспенсерлері және ең бастысы – ішкі құжаттар мен пациенттердің амбулаторлық карталары электронды үлгіге ауысқан», деді жоба менеджері Руслан Жүсіпов. 

Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің әкімшілік шығыстарын оңтайландыру, білім беру мекемелерінде ақша жинау бойынша өтініштер фактілерінің санын азайту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Жастар жылы аясында жастар мәдениетін арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту үшін жобаға жастарды белсене тарту жоспарлануда.

                                                                                                 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109